Антонимдердің контекстік-модальдік қызметі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада субъективтік модальділіктің жасалу жолдарын кеңейтуге үлес қосатын антонимдердің мәтін
аясындағы қызметі талданған. Тілдік ортада антонимдік бірліктердің тура мағынасында бір сөйлем
аясында тұрып, субъективтік модальді реңктерді сипаттай алатыны, бірақ бұл жағдайда аталған
бірліктердің семантикалық астары, стилистикалық қызметінің мүмкіндігі шектеліп қалатыны
салыстырыла айқындалып, тек мәтін, мәнмәтін деңгейінде антонимдердің модальді мағынаны
ажыратудағы көп функциялы қызметін кешенді түрде талдауға болатыны дәлелденген. Лексикалық,
грамматикалық бірліктердің қызметі, мағынасы мәтін аясында ғана толыққанды, дәл айқындалатыны
сараланған. Лингвистикалық талдау нәтижесінде, мәтін құрылымында антонимдік бірліктерге басқа
заңдылықтармен интеграциялануға, семантикалық дамуға, түрленуге мүмкіндік берілетіні
дәйектелген. Модальді реңктерді түрлендіруде, антонимдердің контекст аясындағы мүмкіндіктеріне
сүйене отырып, құрылымдық-грамматикалық, контекстегі семантикалық ұйысым және когнитивтік
уәждер негізінде түрлене қолданылатыны айқындалған. Нәтижелер мен салыстырулар қазақ тіл
біліміндегі модальділік категориясы туралы маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік беретіні
анықталған.
Description
Citation
Құсайынова Ж.А. Антонимдердің контекстік-модальдік қызметі/Ж.А. Құсайынова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2021. №4. 44-50 б.