Шығыс Қазастан облысы Зайсан өңірінің аномастикалық атаулары: шығу тегі және зерттелуі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақала Шығыс Қазақстанның ономастикалық жүйесін зерттеуге арналған, негізгі назар
Зайсан ауданы аумағында кең таралған топонимдер мен гидронимдерге аударылады. Алтай-
Тарбағатай өңірінің тоғысында орналасқан, табиғаты алуан түрлі әрі тарихи-мәдени дәстүрлері терең
Зайсан аймағы жергілікті атауларда көрініс тапқан бай тарихи жадты сақтап қалған. Өңірдің
географиялық атаулары тек табиғи нысандарды белгілеумен шектелмей, сонымен қатар жергілікті
тұрғындардың көне дүниетанымын, шаруашылық салттарын, табиғи-климаттық ерекшеліктерін және
аймақтың тарихи оқиғаларының іздерін жеткізеді.
Зерттеудің мақсаты - өңірдің негізгі топонимдері мен микротопонимдерінің шығу тегін және
семантикалық дамуын тілдік, тарихи және мәдени контексте қарастыру. Қосымша дереккөздер ретінде
жергілікті тұрғындардың ауызша мәліметтері, мұрағат материалдары және аймаққа қатысты тарихи-
географиялық жазбалар қамтылды.
Мақалада Зайсан, Кеңсай, Телі, Қара Ертіс, Сауыр, Тарбағатай, Жеменей, Айнабұлақ, Ақжар
және тағы басқа атаулардың этимологиялық әрі тарихи талдауы ұсынылады. Бұл топонимдердің
көпшілігі түркі, моңғол және ежелгі шығыс тілдерінен енген қабаттарды қамтиды, сондай-ақ аймақтың
этникалық және мәдени стратификациясының күрделілігін көрсетеді.
Зерттеу нәтижесінде Зайсан өңірінің ономастикалық кеңістігі көне дәуірлерден келе жатқан
тарихи сабақтастықты, мәдени әртүрлілікті және табиғи-географиялық ерекшеліктерді бейнелейтін
маңызды лингвистикалық жүйе екені анықталды. Бұл аймақ ономастикасын әрі қарай лингвистикалық,
тарихи және этнографиялық тұрғыда зерттеудің қажеттілігін айқындайды.
Description
Citation
Жұмабек Д. Шығыс Қазастан облысы Зайсан өңірінің аномастикалық атаулары: шығу тегі және зерттелуі/Д. Жұмабек//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 136-139 б.