Төре əулеті өкілдерінің жеке шаруашылығы мен экономикасының тарихынан

dc.contributor.authorАлпысбес, М.А.
dc.contributor.authorАхметов, А.К.
dc.date.accessioned2020-10-30T09:23:59Z
dc.date.available2020-10-30T09:23:59Z
dc.date.issued2020-09-30
dc.description.abstractҚазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев өзінің халықаралық «Ұлытау – 2019» туризм форумында сөйлеген сөзінде Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алу қажеттігін атап өткені белгілі. Кейбір зерттеушілер еңбектерінде Жошының хан дəрежесі болмағанын алға тартады. Тарихи əдебиетте Жошының есімін Джучи деп жазу қалыптасқан. Алайда қазақтың қария сөздері, шежірелері мен тарихи жырларында Жошы есімі Жошы хан ретінде жырланады. Оның үстіне Ұлы хан Шыңғыс ханның өзі Жошыға жерлерді Жошы Ұлысы ретінде үйлестіргені де тарихи факт есебінде Жошының мемлекет басқарушы ұлысбасы, яғни Ұлыс ханы болғанын көрсетеді. Хан дəрежесінде Жошы Ұлысы атты ұлан-ғайыр мемлекеттің басында тұрған əйгілі тарихи тұлға, ел билеушісі болғаны бүкіл əлемге белгілі. Алтын Орда мемлекеті ыдыраған соң, кейін Қазақ хандығының мемлекетін басқарған саяси билеуші əулеттерінің өкілдері де Жошы ханнан өсіп өрбіген ұрпақтар еді. Сондықтан, қазақ халқы оларды «ақсүйек» деп аталған əлеуметтік дəрежесіне сай «төре» деп келді. Далалық əдет бойынша хандық мемлекеттің дəстүрлі саяси титулатура жүйесінде чингизид, оның ішінде джучид төре əулеті тұқымдарына тумысынан «сұлтан» атағы таңылатын болды. Көшпелі жеке рулардың ортақ ұлыс-жұрттарын басқарған сұлтандардың ортасынан бұрыннан-ақ қалыптасқан байырғы жол-жоба, салты бойынша, ішінен ең лайықтысын халық кемеңгерлері — рубасы ақсақалдары мен билері, даңқты батырлары төрелік жасауға лайық сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді. Қазақ хандары мен сұлтандары туралы жасалған зерттеу жұмыстары жалғасын тауып, жаңа ізденістер жүргізіліп жатқанымен, бұл мəселеге мемлекеттік тапсырыс ретінде тың мағына берілгендіктен, жаңа қарқынға ие болары сөзсіз. Мақала қазақ қоғамындағы төре əулеттерінің экономикалық-тұрмыстық, шаруашылық ахуалына үңілуге арналған. Нақты айтқанда, төрелер əулеттерінің экономикалық жеке табыс көздері мəселесін талдау арқылы Қазақ хандығы тұсындағы алым-салық жүйесін зерттеу көзделген. Бұл мəселенің қаралуы барысында қазақ əлеуметінің билеуші тап өкілдері мен шаруалардың экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі хан-сұлтандардың халық ортасында табысы туралы көзқарастары зерделеуге алынды. Кеңестік дəуір идеологиясы таптық қайшылық туралы тұжырымды ұстанды. Дəстүрлі қоғам шаруашылығы мен экономикасы мəселелері туралы əлдеқайда шынайы түсінік қалыптастыру маңызды. Бүгінгі қазақ халқы мен өткен замандағы дəстүрлі қоғамдық қарым-қатынастар кезеңінде орын алған алым-салық жүйесі туралы тарихи деректерді салыстыра отырып, жаңа ізденіс жасауға талпыныс жасалды.ru_RU
dc.identifier.citationАлпысбес М.А. Төре əулеті өкілдерінің жеке шаруашылығы мен экономикасының тарихынан/М.А. Алпысбес, А.К. Ахметов//Қарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series. -2020. №3. 31-39 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz/xmlui/handle/data/10066
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы.Тарих. Философия сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия = Bulletin of the Karaganda university. History. Philosophy Series.;№3(99)/2020
dc.subjectтөреru_RU
dc.subjectақсүйекru_RU
dc.subjectсұлтанru_RU
dc.subjectсаудаru_RU
dc.subjectолжаru_RU
dc.subjectзекетru_RU
dc.subjectсоғымru_RU
dc.subjectсыбағаru_RU
dc.subjectүлесru_RU
dc.titleТөре əулеті өкілдерінің жеке шаруашылығы мен экономикасының тарихынанru_RU
dc.title.alternativeИз истории экономической жизни и частного хозяйства представителей династии тюреru_RU
dc.title.alternativeFrom history of the economic life and the private economy of the representatives of the dynasty of the Toreru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Ист-2020-3-31-39.pdf
Size:
515.42 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: