Арқалық қаласының ономастикасы
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақалада Арқалық қаласының ономастикалық кеңістігі тарихи-географиялық үрдістердің,
әлеуметтік-мәдени өзгерістердің және өндірістік игерілу кезеңдерінің ықпалымен қалыптасқан
құбылыс ретінде талданады. Арқалық қаласының қалыптасу тарихында негізгі топоним - Қызылқозы
атауының генезисі, оның географиялық, табиғи-ландшафттық және шаруашылық ерекшеліктермен
байланысы қарастырылады. Сонымен бірге қала атауының «Арқалық» болып өзгеруінің мазмұндық,
семантикалық негіздері мен аймақтық топонимиядағы орны ғылыми тұрғыдан түсіндіріледі. Зерттеуде
тарихи мұрағат материалдары, геологтардың далалық күнделіктері, жергілікті тұрғындардың
естеліктері және топонимдік сипаттағы филологиялық деректер пайдаланылды. Арқалық аймағына тән
жер-су атауларының эволюциясы өңірдің өндірістік-экономикалық дамуы, боксит кенінің игерілуі,
жаңа қоныстардың қалыптасуымен тығыз байланыста сараланды. Қаланың ішінде қалыптасқан
микротопонимдер, көше атаулары, өндірістік нысандар атаулары және олардың тарихи уәжділігі
ономастика ғылымының әдістерімен жүйеленді. Мақала Арқалықтың ономастикалық қабаттарын
тарихи кезеңдерге бөліп қарастырып, аймақтың мәдени және өндірістік кеңістігін бейнелейтін
атаулардың өзара сабақтастығын анықтауға бағытталған.
Description
Keywords
Citation
Марякова Д.К. Арқалық қаласының ономастикасы/Д.К. Марякова//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 202-205 б.