Іргелі жазушы, халқымыздың асыл перзенті Ілияс Есенберлиннің əдебиетімізде алатын орны : туғанына 100 жыл толуына орай
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада XX ғасырдың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен қызметі суреттелген. Оның балалық жəне бозбала шағы саяси төңкеріс, азаматтық соғыс, 1930 жылдардағы қайғылы оқиғалар секілді қазақ халқының қасіретті жылдарымен тұспа-тұс келгендігі айтылған. Оның бірқатар өлең шумақтарына əн жазылғандығы, əндерінің бірнеше кинофильмдерде орындалғаны, оның поэма да жазғаны, драматургия тəжірибесінің сəттілігі айрықша айтылған. Есенберлинге тəн асқан жауынгершілік жəне жазушылықты өте жоғары бағалап құрметтеу оның үлкен əдеби жанр-роман жазуға көшуін едəуір кешеуілдеткені көрсетілген. Оның ондаған жылдар бойы жинақтаған поэзиялық,
сценарийлік, драматургиялық тəжірибесі Есенберлин феноменінің негізін қалап, жазушының кемел шағында жыл сайын бір романнан жазып отыруына мүмкіндік бергені дəлелденген. Оның шығармаларының қазақ əдебиетінің алтын қорына еніп, ұлттық құндылық болып табылатындығы жалпыланған.
Description
Keywords
Citation
Каренов, Р.С. Іргелі жазушы, халқымыздың асыл перзенті Ілияс Есенберлиннің əдебиетімізде алатын орны : туғанына 100 жыл толуына орай / Р.С. Каренов // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2015. – № 4. – 54-62 б.