Байзақ өңірінің ономастикалық атаулары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы
Abstract
Бұл мақала Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылының тарихи-топонимиялық
кеңістігін зерттеуге арналған. Байзақ атауы ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті
қолбасшысы Байзақ Мәмбетұлының (Байзақ датқа) есімімен байланысты. Зерттеу барысында ауыл
аумағындағы табиғи және тарихи атаулар: Жетіжол, Байзақ сөресі, Рысымбет төбе, Бурылтөбе,
Қарақуыс, Байзақ батыр кесенесі, Ескі Байзақ, Қызылжар, Қарасу, Ақжар сияқты нысандардың шығу
тегін, семантикасын және тарихи-мәдени маңызын талдау жүргізілді. Зерттеу барысында тарихи
құжаттар, ауызша деректер және ғылыми әдебиеттерге негізделген талдау жасалды. Сонымен қатар,
топонимдердің семантикасы мен шығу тегі жан-жақты қарастырылып, олардың этнографиялық және
мәдени маңызы бағаланды. Зерттеу нәтижесінде Байзақ ауылының топонимдері табиғи-географиялық
ерекшеліктерге, тарихи оқиғаларға, батырлар мен ел ағаларының есімдеріне, көшпелі тұрмыс салтына
және жергілікті халықтың діни-рухани танымына негізделгені анықталды. Атаулар халық жадындағы
тарихи, мәдени және рухани ақпаратты сақтай отырып, ұрпаққа жеткізетін маңызды дереккөз ретінде
қарастырылады.
Description
Citation
Батихан Қ. Байзақ өңірінің ономастикалық атаулары/Қ. Батихан//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 122-125 б.