Кетпен тауындағы Виттрок рауғашының (Rheum wittrockii) биологиялық ерекшеліктері

dc.contributor.authorСапарбаева, Н.А.
dc.date.accessioned2022-02-08T13:14:11Z
dc.date.available2022-02-08T13:14:11Z
dc.date.issued2021-09-30
dc.description.abstractМақалада Кетпен тауындағы Виттрок рауғашының (Rheum wittrockii) биологиялық ерекшеліктері туралы мəліметтер келтірілген. Зерттеу мақсаты — Кетпен тауының солтүстік шатқалдарында жəне тау шалғындарының табиғи популяцияларында кездесетін Виттрок рауғашының (Rh. wittrockii) табиғи жағдайдағы биологиялық ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу объектісі — Кетпен тауының табиғи популяцияларында кездесетін Виттрок рауғашы (Rh. wittrockii). 2015–2017 жылдың маусым– шілде айларында маршруттық-барлау əдісін қолдана отырып Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Кетпен тауының солтүстік шатқалдарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өсімдік тұқымының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау Н.Л. Удольскаяның (1976) əдістемелік нұсқауы бойынша жасалды. Үлкен даму циклындағы өсімдіктердің органдарының құрылымдық өзгеруін систематикалық бақылау, биологиялық ерекшеліктерін, құрылымын анықтау Л.А. Жукованың (2012) инструкциясымен жəне «Программа и методика…» (1986) деп аталатын əдістемелік нұсқаулық бойынша іске асырылды. Кетпен тауында Виттрок рауғашы теңіз деңгейінен (1900–3200 м) биіктіктерде кездесетіндігі анықталды. Өсуінің 1-ші жылында тек вегетативті органдары дамиды. Генеративті өркендердің дамуы өсімдіктің өсуінің 2–3-ші жылында басталады. Репродуктивті генеративті өркендердің қарқынды өсуі — вегетативті өркендерінің өсуімен қатар жүреді. Гүлдеу фазасы 7–10 күнге созылады. Бір дарағының гүлдеуі 3–5 күнді құрайды. Генеративті фаза 7–8 (10) жылға дейін созылады. Жемістену процесі шілде айының ортасынан бастап, тамыздың соңғы онкүндігіне дейін жалғасады. Жемістену фазасы 12–14 күн. Өсімдіктің вегетациялық кезеңі 60–75 күнді құрайды. Тұқымы — үшбұрышты жаңғақша. Өскіндердің өсуі жерасты. Өскін — екі нағыз жапырақтан тұрады. Жерасты өркендер жүйесі — көпжылдық өркендердің жерасты жүйесі негізгі жержатаған өркендердің апикальды бүршігі меристемасының белсенділігі есебінен шексіз ұзақ моноподиальды өсудің нəтижесінде пайда болған көпсалалы каудекстен тұрады. Виттрок рауғашының тамыры негізгі, жанама тамырлардан тұрады. Жер асты бөлігінде нəзік жас тамырлары топырақтың беткі горизонтында дамиды. Өскіннен бастап қартайған генеративті кезеңнің ұзақтығы 15–16 жылды құрайды.ru_RU
dc.identifier.citationСапарбаева Н.А. Кетпен тауындағы Виттрок рауғашының (Rheum wittrockii) биологиялық ерекшеліктері/Н.А. Сапарбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series. -2021. №3. 125-133 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/11687
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherҚарУ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda university. Biology. Medicine. Geography Series.;№3(103)/2021
dc.subjectВиттрок рауғашыru_RU
dc.subjectкаудексru_RU
dc.subjectвегетациялық кезеңru_RU
dc.subjectбиологиялық ерекшеліктерru_RU
dc.subjectтұқымru_RU
dc.subjectжерасты өркендеріru_RU
dc.titleКетпен тауындағы Виттрок рауғашының (Rheum wittrockii) биологиялық ерекшеліктеріru_RU
dc.title.alternativeБиологические особенности ревеня Виттрока (Rheum wittrockii Lundstr.) в природных популяциях хребта Кетпенru_RU
dc.title.alternativeBiological features of Rheum wittrockii Lundstr. in the natural population of the Ketpen ridgeru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
Био-3-125-133.pdf
Size:
1.44 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: