Экономикалық интеграциялық үдерістердің дамуы жағдайында инновациялық кадрлық əлеуетті қалыптастыру ерекшеліктері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Əлемдік экономикалық қоғамдастық үшін де, кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беруді
интернационализациялау жəне оқу орындарының кооперациясы негізінде білім беру қызметтерін
тұтынушыларға бағытталған тиімді нəтижелерге сəйкес инновациялық бағытталған кадрлық əлеуетті
қалыптастыру процесі оң шетелдік тəжірибені ескере отырып, университеттер мен ұлттық зерттеу
университеттерінің консорциумдарын құру кезінде мүмкін болады. Мақалада авторлар білім беру
жүйесінің жəне жалпы Қазақстандағы кадрларды даярлаудың қазіргі жай-күйін, оның əлеуметтік-
экономикалық жүйенің нақты қажеттіліктерінен шамалы оқшауланғанын, ғылыми қызмет саласымен
өзара байланыстың жеткіліксіздігін атап өтеді. Саралау негізінде экономиканың тұрақты дамуы үшін
сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен білім берудің бəсекеге қабілеттілігін
арттыруға жəне адами капиталды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын табысты іске асырудың мысалдары ұсынылды, сондай-ақ
елдің экономикалық жəне саяси өміріндегі жаһандық өзгерістер білім беру жүйесінде жаңа əлеуметтік
маңызы бар бағдарлардың пайда болуына алып келетіні атап өтілді. Еуразиялық экономикалық одақ
бойынша қолданыстағы келісімдердің тиімділігі тұрғысынан интеграцияны пайдалану негізінде адами
капиталдың сапасын қамтамасыз етуде шешуді талап ететін бірқатар проблемалар айқындалды.
Авторлардың пікірінше, бұл өз кезегінде ықтимал тəуекелдерді өлшеудің маңыздылығына, сондай-ақ
білім беру жүйесі мен кадрларды даярлау жүйесін дамытудың сапалық жəне сандық факторларымен
байланысты.
Description
Citation
Акбаева Г.Н. Экономикалық интеграциялық үдерістердің дамуы жағдайында инновациялық кадрлық əлеуетті қалыптастыру ерекшеліктері/Г.Н. Акбаева [et.al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2021. №1. 41-50 б.