Қытайдағы таяу заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму үрдісі : XIX ғ. – XX ғ. алғашқы жартысындағы əдебиет мысалында
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ басп.
Abstract
Мақалада Қытайдағы қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму барысы жалпы қытай халқының сол тұстағы саяси-əлеуметтік жағдайымен, мəдени тірлігімен бірлестіре отырып қарастырылады. Қазіргі заман қазақ əдебиетінің қалыптасып, даму жолында қалам тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуіне халықтық бай фольклор, шығыс əдебиеті, Абай мұрасы сынды үш үлкен мектептің тірек болғаны, сонымен бірге таяу заманғы қазақ əдебиетінің тарихы айтыс өнерімен де тығыз байланыста болып, айтыскерлік бұл дəуірде таңдаулы дəстүр болып қалыптасқаны, арнау өлең жасампаздығы да сол заман ақындарында тағы бір түрлі əдеби ауқымға
айналғаны айқындалды. Бұл дəуірдегі ақындардың бірімен-бірі ілесе, қатарласа шығып, бір бағытта, бір мақсатта қалам тартып, əдеби орта қалыптастырғаны, əдебиеттің тақырып өрісі кеңейіп, мазмұн-мəнері жаңаланғаны пайымдалды. Түр, жанр, формасы жөнінен алғанда ХІХ ғасырдан ХХ ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі қытай қазақ əдебиеті өзгеше өзіндік өңірлік ерекшелігімен көзге түсетіні тұжырымдалды.
Description
Citation
Чи, Ш. Қытайдағы таяу заман қазақ əдебиетінің қалыптасуы мен даму үрдісі : XIX ғ. – XX ғ. алғашқы жартысындағы əдебиет мысалында / Ш. Чи, С. Ысқақұлы // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. – 2015. – № 4. – 45-53 б.