Галофитті өсімдіктердің дамуына (NaCl) тұздардың түрлі концентрацияларының əсері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ баспасы

Abstract

Қазіргі кездегі ғаламдық жылыну жылдамдығы қарқынды ұлғаюда. Климаттың өзгеруі өсімдіктер жүйесін де көптеген өзгерістерге, экологиялық бейімделу деңгейінің нашарлауына, өсу динамикасының төмендеуіне, таралу ареалдарын өзгеруіне алып келуде. Сондықтан өсімдік қорларын сақтау жəне оларды тиімді пайдалану біздің ғаламшар үшін мемлекетаралық деңгейдегі аса маңызды мəселе. Түркістан аймағында кездесетін галофитті өсімдіктердің: гармала (адыраспан) Рeganum harmala, цикорий (шашыратқы) Cichorium, кермек сабын Limonium otolepis (Schrenk) Ktze, сол аймақ топырақ құрамына бейімделу дəрежесін анықтау мақсатында əртүрлі концентрациядағы тұз ерітіндісіндегі өнгіштігі анықталды. Шөптесін өсімдіктердің өсу ырғағына зертхана жағдайында бақылау жүргізу негізінде, үш өсімдік түрінің өскіндері мен тамырларының ұзындықтарына өлшеу жұмыстары жүргізілді. Шөптесін өсімдіктердің өсу ырғағына бақылау барысында кермек сабынның тұқымы, адыраспан мен шашыратқыға қарағанда, тұздың жоғарғы концентрациясында жақсы өнгіштік қасиетке ие екенін көрсетті. Зерттеу нəтижесі бойынша Түркістан аймағында кездесетін галофитті өсімдіктердің 0,01 %-дық тұз концентрациясында аз мөлшерде болса да өнім беретіндігін көрсетсе, ал жоғары (1 %-дық NaCl) концентрациясында тұқым мүлдем өнбегендігін байқауға болады.

Description

Citation

Ибрагимова, Э.Қ., Абдраимова, Қ.Т. Галофитті өсімдіктердің дамуына (NaCl) тұздардың түрлі концентрацияларының əсері/ Э.Қ. Ибрагимова, Қ.Т. Абдраимова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География = Bulletin of the Karaganda University. BIOLOGY. MEDICINE. GEOGRAPHY Series. - 2019. №1. С.31-35

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By