Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ азаттық қозғалысының рухани көсемі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының отаршылдық саясатының салдарынан қазақ халқының жерінен, тілінен, дінінен айырылып қалуы күшейген кездегі Алаш зиялыларының тарих
сахнасына шығуы туралы айтылған. Қазақстандағы азаттық қозғалыстың жаңа кезеңінің басталуына
сәйкес халықтың тарихи санасын оятудағы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің маңыздылығын
көрсету мақсатында оның еңбектерін дерек ретінде талдау арқылы азаттық қозғалыстың рухани
көсемі, көшбасшысы болған тарихи тұлға ретіндегі рөлі баяндалған. А. Байтұрсынұлының қазақ
халқының тарихи тұлғасы және рухани көшбасшысы ретінде қалыптасуы ХХ ғасырдың басындағы
азаттық қозғалысымен тығыз байланысты, оны төрт кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең ― 1905
жылғы Қарқаралы петициясы; екінші кезең ― «Қазақ» газетінде атқарған қызметі; үшінші кезең ―
Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің қалыптасуындағы рөлі; төртінші кезең ― кеңес кезеңіндегі қызметі. Сонымен қатар, А. Байтұрсынұлының практикалық қызметі мен рухани мұрасын талдау оның өмір бойы ұлттық идея үшін күрескені, өз халқының болашағын жақсарту бойынша нақты жоспарларды іске асыруға ұмтылғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Description
Citation
Бейсенбекова, Н.А. Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басындағы қазақ азаттық қозғалысының рухани көсемі/Н.А. Бейсенбекова, Л.К. Шотбакова//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.54-62