Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық аудиті

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақсаты: Мақаланың мақсаты экологиялық-шаруашылық қызметтің мониторингі және мониторинг бойынша жеткілікті ақпараттың болмауына байланысты Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық аудитін зерттеу. Су ресурстарының экологиялық аудиті жүйесін жетілдіру мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың, су ресурстарын қорғауға бөлінген бюджеттік қаражаттардың орындалуын бақылау мен қадағалаудың тиімді басқару құралының үлгісін енгізу қажет деп есептейміз. Әдісі: Зерттеуде жүйелік талдау сияқты әдістер; сонымен қатар топтастыру әдісі; нормативтік әдіс; экологиялық-экономикалық бағалау және салыстырмалы талдау әдісі; материалдық баланстар әдісі; есептеу- аналитикалық әдіс және т.б. пайдаланылды. Сондай-ақ зерттеуге арналған материалдар қазақстандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың еңбектерімен, Қазақстан Республикасының су ресурстары жөніндегі «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректерімен ұсынылған. Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық аудитінің шешуші рөлі жеткілікті түрде зерттелмеген және жаңа экономикалық ақиқатқа экологиялық және экономикалық әрекеттерді бақылау мониторингті басқарудың тиімді құралы моделін құрудан және әдістемені су ресурстарына бейімдеуден тұрады деген гипотеза дәлелденді. Тұжырымдама: Экологиялық және шаруашылық қызмет мониторингі әдістемесін бейімдеу және мониторинг жүргізудің тиімді басқару құралының моделі әзірленді. Экологиялық-экономикалық ортаның заманауи сын-қатерлеріне байланысты экономикалық үрдістер Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық аудитін зерттеудің өзектілігі өзгермелі экономикалық шындыққа жетілмегендігі туралы авторлардың гипотезасын растады. Экологиялық аудитте іс-шаралар экологиялық бағдарламаларды жобалау мен жүзеге асыруды жетілдіру арқылы қоршаған ортаны бақылау мен бағалауды жүйелі түрде жетілдіру механизмі болып табылады. Қолданыстағы бағдарламалардың заң шығарушылардың, реттеушілердің және табиғатты қорғаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырмауының негізгі себептері анықталды. Ұсынылып отырған зерттеу мен тәжірибелік нәтижелерді шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы су ресурстарының экологиялық аудитін жүргізу кезінде басқару шешімдерін қабылдау сапасын арттыру мақсатында қолдана алады. Зерттеу кіріспеден, әдістер мен материалдарды негіздеуден, әдебиеттерге шолудан, зерттеу нәтижелерінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Description

Citation

Қазақстан Республикасының су ресурстарының экологиялық аудиті/Ахметова А.Б.[т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 2(106). – б.205-216.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By