Бақсылық дәстүрдің аймақтық ерекшеліктері және құрылымдық сипаты

dc.contributor.authorСайлаухан, А.Б.
dc.contributor.authorМамбетов, Ж.О.
dc.contributor.authorКенжеқожаева, А.
dc.date.accessioned2026-02-20T11:02:59Z
dc.date.available2026-02-20T11:02:59Z
dc.date.issued2025-12-30
dc.description.abstractБақсы институтының құрылымдық элементтері Ш. Уәлиханов еңбектерінде, генетикалық табиғаты А. Байтұрсынұлы зерттеулерінде ашып көрсетіліп, өткен ғасырлардан бері ғалымдар назарынан тыс қалмаған бақсылық сарынның түрлі қырлары мен өзіндік шығармашылық ерекшеліктері бүгінге дейін толық зерттеліп болмағаны белгілі. Зерттеудің мақсаты — әлем әдебиеті мен мәдениетінде әртүрлі сипаттармен, әртүрлі терминологиямен берілетін, түрлі халықтар мен ұлыс-тайпаларға, көне мәдениеттерге тән бақсылық дәстүрдің көрінісін бағамдау. Осы мақсатқа жету үшін Д. К. Зеленин, Г. В. Ксенофонтов, А. В. Смоляк, Е. Д. Тұрсынов, Б. Абылқасымов, С. Ә. Күзембай, Г. Н. Ким зерттеулері басшылыққа алынды. Мақалада авторлар бірқатар беделді ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлеріне сүйене отырып, әрі әдеби-мәдени контексте салыстырмалы талдау жасай отырып, қай халықта болмасын бақсылық ерекше құрметке ие өнер, кие, қасиет болғанын тұжырымдайды. Расында жер шарына кеңінен тараған бұл көне мәдениеттің сілемдері бүгін де көрініс тауып жатқандығы, салттан өшкенімен санадан өшпей, қайта жаңғырып жатқаны көрсетілді. Негізгі бағыты — түркі халықтарына ортақ бақсылық дәстүрдің қалыптасуы, ұқсастығы мен айырмашылығы сынды мәселеге тереңдеу. Идеясы — бақсы өнерінің феномендік ерекшелігі мен көпқырлы функциясын көрсету. Осы бағытта ритуалдық сеанс, камлания, яғни бақсылық мистерия ғұрыптары сынды мәселелер қамтылып, өзіндік ерекшеліктері көрсетілді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы — бақсының қайталанбас дара сипатының түрлі халық мәдениетінде берілу жолдары мен тәсілдері сараланды; практикалық маңыздылығы — көне мәдениетімізді, салтымызды, оны бүгінге дейін жеткізуші өкілдерінің қызметін кеңінен түсінуге, танып-білуге септігін тигізеді. Бақсылық дәстүрдің түрлі халықтарда орындалуы, жүргізілуі сынды аймақтық ерекшеліктерін талдау арқылы халықтың наным-сенімдерінің тылсым сипатын ұғынып, тұрақты түрде қалыптасқан ритуалдық тәжірибенің біртұтас концепциясы анықталды. Нәтижесінде бақсы институтының көптеген мазмұндық- құрылымдық ерекшеліктері анықталды (қазақ, якут, нанай, ульч, бурят, тунгус т.б. халықтарындағы). Осылайша бірнеше мәдениет тоғысында зерделеу, әрқайсысының өзіне тән болмыс, бітім, ерекшелігін, мәнін, рөлін, маңызын таныту арқылы бақсылықтың адамзат мәдениетіне ортақ құбылыс екені дәлелденеді. Зерттеудің білім саласына қосылған құндылығы ретінде әр кезеңде бақсылық салтына жамалған, тағылған негативті сипаттардың негізсіз екенін, бақсы — табиғи дарынды тұлға, әлеумет өміріндегі рөлі ерекше екені зерделенгенін жатқызуға болады. Жұмыс нәтижесінің практикалық маңыздылығы — бақсылықтың барлық негізгі категорияларының қамтылып, көшпелі халықтардың рухани-әлеуметтік өміріндегі орнының негізделіп, осы бағыттағы басқа да зерттеулерге көрсеткіш, бағдарлама бола алатындығында.ru_RU
dc.identifier.citationСайлаухан А.Б. Бақсылық дәстүрдің аймақтық ерекшеліктері және құрылымдық сипаты/А.Б. Сайлаухан, Ж.О. Мамбетов, А. Кенжеқожаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №4. 186-195 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21938
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherАкадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№4(120)/2025
dc.subjectритуалдық сеансru_RU
dc.subjectатрибутru_RU
dc.subjectкамлания (бақсылық мистерия)ru_RU
dc.subjectжын шақыруru_RU
dc.subjectкутурарru_RU
dc.titleБақсылық дәстүрдің аймақтық ерекшеліктері және құрылымдық сипатыru_RU
dc.title.alternativeРегиональные особенности и структурные характеристики шаманской традицииru_RU
dc.title.alternativeRegional features and structural characteristics of the shamanic traditionru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-4-186-195.pdf
Size:
1004.95 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: