Корпус мәтіндеріндегі грамматикалық форма жиілігі (https://qazcorpora.kz негізінде)

dc.contributor.authorЫдырыс, С.Қ.
dc.contributor.authorБейсенбаева, Л.Ж.
dc.contributor.authorОспанова, Д.Ж.
dc.date.accessioned2026-05-28T06:46:48Z
dc.date.available2026-05-28T06:46:48Z
dc.date.issued2026-03
dc.description.abstractМақалада қазақ тілінің грамматикалық аспектілерін зерттеу үшін корпус материалының мүмкіндіктерін қаншалықты қажетімізге жарата аламыз деген мәселе аясында етістіктердің грамматикалық формалары жиілігі қарастырылады. Қазақ тілінің сөз жиілігі мәселесі ғылыми объекті ретінде зерттеліп, сөздіктер құрастырылғанымен, осы мәселеде қазақ тілінің корпус базасы мүмкіндіктері толыққанды зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылмай келе жатыр, өйткені қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау мәселесі кеш қолға алынды. Корпус базасындағы мәтіндерді тілдік зерттеулер үшін пайдалану өте маңызды. Корпус мәтіндерін зерттеу тілдің жүйесіндегі лексикалық қабаттың, синтаксистік конструкциялардың, грамматикалық формалардың өзгерісін, дамуын анықтауға жол ашады. Кез келген тілдің сөздік қоры құбылмалы, өзгермелі болатындықтан, әрбір жылда тіл қандай сөздермен, сөзформаларымен толығады, өзге тілдерден енген сөздерге деген тілдің иммунитеті қандай, жаңа сөзформаларын қандай күйде қабылдады деген мәселеде корпус базасы жыл сайын толықтырылып, жетілдіріліп отырғаны абзал. Бұндай зерттеу жүргізілмесе, тіліміздің даму бағыты бұлыңғырланады. Ал шетел тәжірибесінде лингвистикалық зерттеулер үшін корпус базасы ертеден қолға алынып, түрлі математикалық әдістің көмегімен сөз және форма жиілігінің статистикасы анықталады. Шетелдік тәжірибеге негізделіп жасалған «Қазақ тілінің ұлттық корпусының подкорпустары» (qazcorpora.kz) базасындағы корпустың іздеу механизмі сөзформа жиілігін зерттеуге аса қолайлы. Qazcorpora.kz сайтының алғашқы бетіндегі «Статистика» айдарында сөзформа жиілігін зерттеу үшін Сілтеме ұсынылған. Оның көмегімен қажетті статистикалық ақпаратты автоматты түрде көшіріп алуға болады. Мақалада «Қазақ тілінің ұлттық корпусының подкорпустары» (qazcorpora.kz) базасындағы жиілік статистика бойынша публицистикалық және ауызекі мәтіндеріндегі қазақ тілі етістіктерінің грамматикалық форма жиілігі талданады. Корпус базасындағы мәтіндерде ең жиі қолданылатын есімшелі, көсемшелі және қалып етістіктердің грамматикалық формалары, атап айтқанда, деп, деген, емес, еді, болып, екен, болды, болған, алып, болады, келген, болса, жатқан, отыр, дейді, келеді, деді, болатын, жатыр, алған, келіп, жүрген, отырып, тұр, отырған, тұрған, жүріп, алды, тұратын, жүр, алатын, тұрып етістіктерінің жиілігі өзара салыстырылады. Бұл етістіктердің мәтіндерде жиі қолданылу себептеріне семантикалық және контекстік талдау жасалады. Де, е, бол, ал, кел, отыр, тұр, жүр, жат көмекші етістіктерінің қазақ тіліндегі көпмағыналығы мен көпқызметтілігі талданады. Публицистикалық және ауызекі мәтіндерінде деп, емес, болып, алып, келген, жатқан, отыр, тұр, жүрген етістіктерінің тіркесімділік қабілетінің жоғары болатыны, олардың алуан түрлі синтаксистік қатынаста жұмсалып (анықтауыштық, пысықтауыштық, предикаттық), еркін, түйдекті тіркес және күрделі формалар (аналитикалық етістіктер) жасауға негіз болатын қабілеті жүйеленеді. Етістіктердің жиілік көрсеткіші кемімелі прогрессия және қарапайым есептеу жолымен шығарылды. Осы етістіктердің функционалдық қолданыс жиілігіне қатысты тұжырым мен қорытынды шығарылды.ru_RU
dc.identifier.citationЫдырыс С.Қ. Корпус мәтіндеріндегі грамматикалық форма жиілігі (https://qazcorpora.kz негізінде)/С.Қ. Ыдырыс, Л.Ж. Бейсенбаева, Д.Ж. Оспанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2026. 48-58 б.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/22667
dc.language.isootherru_RU
dc.publisher«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасыru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№1(121)/2026
dc.subjectұлттық корпусru_RU
dc.subjectмәтінru_RU
dc.subjectетістікru_RU
dc.subjectграмматикалық формаru_RU
dc.subjectжиілік көрсеткішіru_RU
dc.titleКорпус мәтіндеріндегі грамматикалық форма жиілігі (https://qazcorpora.kz негізінде)ru_RU
dc.title.alternativeЧастота грамматических форм в текстах корпуса (на основании https://qazcorpora.kz)ru_RU
dc.title.alternativeFrequency of grammatical forms in corpus texts (based on https://qazcorpora.kz)ru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-48-58.pdf
Size:
1 MB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: