«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы негізіндегі өзекті мәселелер

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы

Abstract

Мақалада президентіміз Қ.-Ж.К. Тоқаевтың соңғы жолдауында көрсетілген мақсатты мәселелерге сәй- кес, елімізде сапалы білім берудің өзекті жолдарына педагогикалық негіздемелер жасалған. Білімді ұлт ― келешектің негізі. Сондықтан сапалы білім беру жолдарын педагогикалық тәжірибе ― Жаңа Қазақ- станда білім берудің мазмұны және оның негізгі баспалдақтары қарастырылған. Сонымен қатар сапалы білім берудің негізгі мазмұны талқыланған, сапалы білім берудегі жұмыс жоспары, оқыту бағдарлама- ларына негізделген оқулықтар материалдары сараланған. Сапалы білім беру мазмұнының іріктеу өл- шемдері мен білім беру мазмұнына да жан-жақты талдаулар жүргізілген. Авторлар сапалы білім беру- дің бағдарламалық тәсілдерінің бірнеше түрлерін көрсеткен. Ол тәсілдерді екі түрге ― шоғырландыру тәсілі және сызықтық тәсілдерге бөлу негізінде алған. Сондай-ақ қазіргі Жаңа Қазақстанда жалпыға бірдей орта білім беруді дәйектілікпен жүзеге асыру міндеттемесі көрсетілген. Ұлттық педагогиканың озық дәстүрлері негізінде құрастырылатын оқулық мазмұнына баса көңіл бөлу қажеттілігі де айтылған. Теория мен практика негіздерін ұштастыру да назарда болған. Мақалада оқыту процесінің қозғаушы күштері талданып, танымдық міндеттер, құбылыстарды қабылдау, оқушының қиялы, ой елегінен өт- кізу, дағды мен іскерліктерді дамыту негіздері сөз болған. Сапалы білім беру негізіндегі оқу мотивтері- нің орын ерекшелігі талданып, танымдық ынта мәселесі жан-жақты зерттелген.

Description

Citation

Тлеулесова А.Ш. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы негізіндегі өзекті мәселелер/А.Ш. Тлеулесова, Э.А. Утеубаева, М.Т. Абикенов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogy Series. -2023. №2. 65-72 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By