Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет: өзара əрекеттестік жəне өзара ықпал шектері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы
Abstract
Мақалада əртүрлі елдердегі дамудың жалпы заңдылықтарының болуын негіздейтін, жаһандану
үдерістерін дамытушы жағдайындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының
өзара əрекеттестігі мен ықпалдасу мəселелері қарастырылған. Билiк пен азаматтық қоғам арасындағы
қатынастар көпшiлiк келiсiм негiзiнде қалыптасады, ал өзара əрекеттесу ымыраға қол жеткiзуге
бағытталады. Демократиялық мемлекеттiң азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады, бiрақ
сонымен бiр уақытта олар басқа мемлекеттiк институттармен бiрге болашақты құру жауапкершілігiн
бөлiседi. Мақалада өз өмірін өз бетімен қалыптастыратын, саяси жəне əлеуметтік реформаларға
белсенді атсалысатын тұлғаның қалыптасуына ықпал етуші азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттің өзара əрекеттестік жəне ықпал шектерін белгілеу мəселелері ашылған. Бұл мəселені
қарастыру қажеттілігі азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің өзара ықпалының жəне өзара
əрекеттестігінің шекараларын ғылыми-теориялық жəне ғылыми-тəжірибелік тұрғыдан қарау болып
табылады. Жаһандану үрдістерін зерттеу мемлекет жəне құқық теориясының жалпы ғылыми жəне
жеке ғылыми əдістерін, арнайы құқықтық əдістерді, функционалдық-құқықтық, тарихи-құқықтық,
салыстырмалы-құқықтық, тұжырымдамалық əдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу
нəтижесінде мемлекет пен азаматтық қоғам өкілдерінің ашық диалогына, азаматтық қоғам
институттары мен құқықтық мемлекеттің белсенділігіне, олардың өзара əрекеттесуінің мақсаттары
мен міндеттерін анықтауға қатысты қорытындылар жасалған. Бүгінгі күні Қазақстандағы азаматтық
қоғам институттары үшін өзін-өзі ұйымдастыру, қоғамдық бақылаудың механизмдерін қалыптастыру
жəне дамыту, билік органдарымен мазмұнды өзара əрекет ету диалогын жүзеге асыру қажет.
Description
Citation
Серікбаева С.С. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет: өзара əрекеттестік жəне өзара ықпал шектері/С.С. Серікбаева, А.Б. Шəкірова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы = Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика = Bulletin of the Karaganda university. Law Series. -2020. №2. 62-73 б.