Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жамбыл облысы

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарУ баспасы

Abstract

Ұлы Отан соғысы — адамзат тарихындағы қанды қырғынның бірі. Соғыстың тірі куəгерлері — ардагерлер мен тыл еңбеккерлері, майдангерлердің қатары жыл өткен сайын азаюда. Қан майданда от кешкен жауынгерлердің ерлігін келер ұрпақтың жадында сақтау үшін соғыс тақырыбын толыққанды зерттеп, қазақстандықтардың майданда көрсеткен ерліктерінің тарихи шынайы бағасын беру маңыздылығы арта түсуде. Соғыс тарихына қатысты өзекті мəселелер қайта қарауды талап етеді. Себебі бұл соғыста қаншама миллиондаған адамдар құрбан болды, тылда мыңдаған адам соғыс қажетіне аянбай еңбек етті. Міне, осындай қасіретті кезеңді басынан өткізген Қазақстан халқының тарихының ақтаңдақ беттерін қайта зерделеп, ерліктеріне шынайы баға беру — қазіргі уақыт талабы. Тəуелсіздігімізді алғалы бері, мұрағат қорындағы көптеген деректер ғылыми айналымға еніп, басылып шығып отыр, бірақ жарияланбаған тарихи деректердің ауқымды кешені қалыптасты. Алайда, соғыстағы жауынгерлерге қатысты сандық деректер əлі де нақтылауды қажет етеді. Соғысқа аттанған жамбылдық жауынгерлердің ішінде айқасқа қатысқан, жараланғандар, қаза тапқандар, ерлікпен көзге түскендер де, із-түзсіз жоғалғандар да бар. Қазақ жерінде жасақталған бірқатар əскери құрамалар соғысқа аттанды жəне олардың соғыс пен тылдағы ерліктері, шайқастары соғыс тарихының құрамдас бөлігі болды. Сондықтан да, соғыс тарихы мен адамдар тағдырын зерттеу, оның ішінде тақырыпқа сай жамбылдықтардың əскери өмір тарихын зерттеу өте қажет. Мақалада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жамбылдықтардың əскери қимылдарға қатысуы туралы деректерге сүйене отырып, олардың ерліктері туралы зерттеу ұсынылған.

Description

Citation

Карсыбаева Ж.А. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жамбыл облысы/Ж.А. Карсыбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2021. №3. 39-46 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By