Батыс-Шығыс ықпалдастығы мәселесі аясындағы Египет тарихы және еуропалық елдердің саясаты (XIX ғасырдың бірінші жартысы)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Египеттің тарихи даму аясында, еуропалық елдердің аталған елдегі саясатының негізгі бағыттары қарастырылған. Қазіргі таңдағы Таяу Шығыс аймағында орын алып отырған саяси процестер және аймақтың саяси құрылымы негізінен, отарлау дәуірі кезеңінде қалыптасқан, сондықтан ХХІ ғасырдағы Таяу Шығыс аймағындағы саяси қайшылықтар мен қақтығыстардың тарихи алғышарттарын, Батыс әлемінің аймақтағы мүдделерінің мәнін түсінуде, ХІХ ғасырдағы араб елдеріндегі еуропалық державалардың, оның ішінде Франция мен Ұлыбританияның саясатын зерделеу ерекше маңызға ие. Еуропалық елдердің Египеттегі отарлық саясатына қатысты мәселелер тарихи, экономикалық және саяси көзқарастар тұрғысынан кең ауқымда зерттелініп келе жатқан бағыт. Тақырыпқа қатысты еңбектердің басым бөлігінде, еуропалық державалардың Египеттегі мүдделері саяси-экономикалық немесе саяси стратегиялық тұрғыдан қарастырылып келеді. Дегенмен, аталмыш мәселені Батыс-Шығыс ықпалдастығы, отарлық модернизация және ориентализм негізінде қарастыру толыққанды зерттеле қоймаған, пікірталастарға толы бағыт. Осы ретте, Франция мен Ұлыбританияның Египеттегі саясатының негізгі мүдделері мен бағыттарына, өзара бәсекелестігіне, отарлық прогресс идеясы тұрғысынан талдау жасалынған. Еуропалық елдердің отарлық саясатының тетіктері, ғылыми және саяси ортадағы идеологиялық ұстанымдар зерделенген. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Осман империясының құрамындағы ірі мемлекет, ұтымды геостратегиялық ұстанымдарға ие, араб-мұсылман қоғамының рухани құндылықтарына сүйенген, әскери күші дамыған Египеттің еуропалық елдердің ықпалына түсу себептері қарастырылған. Жаңа әдіснамалық тәсілдер арқылы отарлық саясат және Шығыс елдеріндегі модернизациялық үдерістердің өзара байланысы зерттелген.

Description

Citation

Турекулова Ж.Е. Батыс-Шығыс ықпалдастығы мәселесі аясындағы Египет тарихы және еуропалық елдердің саясаты (XIX ғасырдың бірінші жартысы)/Ж.Е. Турекулова, М.У. Жумабеков, Э.С. Таукебаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024.№4. 201-210 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By