Биоэнергетиканы дамытуды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Мақалада экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторларды ескере отырып, биоэнергетиканы дамытудың халықаралық тәжірибесі зерттелген. Авторлар мақалада биомассаны пайдалану кезіндегі энергетикалық қауіпсіздікке, жұмыс жағдайлары мен шектеулердің өзгеруіне баса назар аударған.Әдісі: Зерттеу барысында биоэнергетиканы енгізу бойынша мемлекеттік саясаттың тиімділігін анықтау үшін статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Осы әдістерді қолдану үшін әдеби шолу жүргізілді және Халықаралық жаңартылатын энергия көздері агенттігінің статистикалық деректері пайдаланылды. Қорытынды: Мақалада биомасса және биоэнергетикаға арналған ғалымдардың ғылыми еңбектері, сондай-ақ биоэнергияны дамыту үшін қолданылатын мемлекеттік қолдау құралдары талданған. Авторлар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін биоэнергетиканы дамытудың негізгі бағыттарын анықтаған.
Тұжырымдама: Халықаралық тәжірибеде биоэнергетиканың көптеген нұсқаларын енгізуге байланысты экологиялық пайда мен қазба отындарын мемлекеттік қолдауды ескере отырып, мемлекеттік қолдауды жүргізеді. Биоэнергетиканы мемлекеттік қолдау құралдарының екі негізгі нысаны бар: нақты технологиялар үшін жеңілдікті тарифтер және қаржылық сипаттағы жалпы ынталандырулар. Биоэнергетиканы дамыту саясатын іске асыру кезінде биомасса шикізатының қолжетімділігін және елдің энергетикалық секторының ерекшеліктерін ескеру қажет. Биоэнергетикалық технологиялардың қолжетімділігі негізгі фактор болып табылады, сондықтан
желілерге қол жеткізуге және шикізатты стандарттауға назар аудару қажет.
Description
Citation
Биоэнергетиканы дамытуды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі / Тасмаганбетов А.Б. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы. – 2023. – № 1(109). – 232-239 б.