Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзуда қылмыстың құрамын саралаудың ерекшеліктері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтардың бір түрі шаруашылық немесе өзге де
қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзу қылмысының құрамын саралаудың
ерекшеліктері қаралған. Аталмыш қылмыс тəжірибеде өте сирек кездеседі, мұны осы қылмыстың
құрамына байланысты сот тəжірибесінде кездеспеуінен аңғаруға болады. Мұның себептері де жоқ
емес. Мұндағы басты себеп бұл қылмыс еліміз бойынша мүлдем жасалмайды дегенде емес.
Керісінше оның құрамын саралау, жасалған қоғамға қауіпті іс-əрекетті қылмыс деп тануға
мүмкіндік беретін теориялық зерттеулердің аздығы, нəтижесінде қылмыспен күрестегі органдардың
осы қылмыс тұрғысындағы біліктерінің болмауынан деп білеміз. Зерттеудің мақсаты ҚР
Қылмыстық кодексінің 324-бабында қаралған қылмыстың құрамын саралаудағы ерекшеліктер мен
қиындықтарды анықтау, оны шешудің жолдарын қарастыру, сол арқылы қылмыстың ашылуын
қамтамасыз ету. Мақалада Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 324-бабының
құрамын саралаудағы қиындықтың ең алғашқысы оның объектісін анықтау екені көрсетілген. Оның
басты себебі, норманың бланкеттік болуы. Қылмысты жасауда субъект шаруашылық жəне өзге де
қызметті жүргізуде қоршаған ортаны қорғаудың талаптарына қол сұғады, мұндай талаптар ҚР
Экологиялық кодексінде жəне өзге де қоршаған ортаны қорғауға арналған жер, су, жер қойнауы
туралы заңнамаларда жеке-жеке бекітілген. Ғылыми зерттеудің статистикалық, талдау мен
синтездеу сияқты əдістерін пайдалана отырып, қылмыстың құрамы сараланды. Жасалған
зерттеулердің нəтижесінде шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық
талаптарды бұзу қылмысының құрамын саралаудың негізгі сəттері, қылмысты тергеудегі қажетті
білімдер мен дағдылар анықталды.
Description
Citation
Айтимов Б.Ж. Шаруашылық немесе өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзуда қылмыстың құрамын саралаудың ерекшеліктері/Б.Ж. Айтимов, Б.А. Сериев, Д.Н. Бекежанов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. LAW Series. -2021. №2. 64-72 б.