Қазақстанда тарих ғылымының тұжырымдамасын қалыптастыруда Орталық Азиядағы футувва қозғалысы мен ахилік институтының алғышарттарын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.
Abstract
Ортағасырдағы Орталық Азияның әлеуметтік-мәдени өмірінде күшті ықпалға ие болған футувва
қозғалысының және ахилік институтының алғышарттарын зерделеу жұмысы Отан тарихының
қомақты мәселелерін көтереді. Ғылыми метрикалық деректер базасында яссауийа мектебінің саяси,
экономикалық ықпалы туралы мәселелер көтерген тарихи еңбектер жоқ дерлік аз. Қарапайым адамнан
ел билеушілеріне дейін яссауийаға мүрид болғанын ескерсек, Түркістандағы мектептің саяси-
экономикалық, рухани ықпалына тарихи талдау жасау іргелі зерттеулерге негіз болады. Негізгі
зерттеу жұмыстары Отан тарихының сол кезеңін толыққанды құрастыруға және мемлекеттер
арасындағы білім және ғылым, саяси-экономикалық, рухани бағыттардағы өзара ынтымақтастық
салаларын жан-жақты ашуға мүмкіндік береді. Ортағасырлық Қазақстанда яссауийа жолы ерекше
орынға ие болды. Бауырластықтың тұрақты қызметі үшін ханакалар жұмыс жасап, мүридтері Қожа
Ахмет Яссауи сияқты қасық жонтуды кәсіп етті. Мүршид түркі халықтарының «піріне» айналды.
Қыпшақ даласының мал шаруашылығымен кәсіби түрде айналысқанын ескерсек, әрбір түліктің де
өзіндік «пірі» және ахилік институтында да әр кәсіптің «пірі» болды. Сондай-ақ институттың
иерархиялық жүйесінде қолданылатын ұғымдардың көшпелі қазақтардың арасында қолданылғанын
көреміз. Яссауийа шайхтары барған территорияларында жергілікті халықпен араласып, түркістандық
сопылық мектепті дамытты, жаңа құрылымдар қалыптастырды. Осы мектептердің бірі ретінде пайда
болған Анадолыдағы ахилік институты уақыт өте Жошы ұлысында да қызмет ете бастады. Сонымен
ортағасырлық Қазақстанда көшпелі түркі халықтарының арасында футувва қозғалысының ықпалы
айқындалып, Анадолыдағы ахилік институттың құрылуына түркістандық сопылық мектеп
алғышарттар қалыптастырғаны дәйектелді.
Description
Citation
Қазақстанда тарих ғылымының тұжырымдамасын қалыптастыруда Орталық Азиядағы футувва қозғалысы мен ахилік институтының алғышарттарын зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері/Ә.М. Ауанасова[т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.43-53