Павлодар облысындағы Маралды көлі маңындағы топырақтың тұздануы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы.
Abstract
Мақала Павлодар облысындағы Маралды көлі маңындағы топырақтың тұздылық деңгейін жəне
физикалық көрсеткіштерін анықтауға арналған. Қазақстан Республикасының тұзданған жерінің жалпы ауданы 1,286×106 км2, бұл əлем бойынша тұзды топырақтардың таралу көрсеткішінің жалпы ауданына шаққандағы үлесі 47 %. Бұл — Қазақстан аймағындағы маңызды экологиялық
проблемалардың бірі. Осы тұрғыда біздің елімізде жер бетінде кең таралған тұзды топырақ сияқты
жарамсыз жерлерге деген қатты қызығушылық туындай бастады. Сондықтан, осы көл маңындағы
топырақтың тұздылық деңгейі, аниондық құрамы негізінде топырақтың тұздық типі жəне оның
деңгейі анықталған. Зерттеулер нəтижесіне сəйкес, Павлодар облысы Маралды көлі маңындағы
топырақтың құрғақ қалдығын зерттеу нəтижесінде топырақтың тұздылығы өте жоғары екені
анықталды. Зерттеген топырақ сынамасының 4 нұсқасының құрғақ қалдық мөлшерінің ең төменгі
көрсеткіші 2,97 ± 0,09 жəне ең жоғары көрсеткіші 3,31 ± 0,09 болғандығы себепті, сонымен бірге pH
көрсеткішінің ең төменгі 8,33 ± 0,10 жəне ең жоғары 9,43 ± 0,10 мəні бойынша сілтілі орта деп
тұжырым жасалынды. Қорытындылай келе, Павлодар облысы Маралды көлі маңындағы топырақ
тұзды батпақты типке жатқызылды. Н.И. Базилевич, Е.И. Панковая əдісі бойынша топырақтың
аниондық құрамын зерттеу нəтижесінде топырақ улы тұздардың мөлшеріне байланысты сульфат-
хлорид, сульфат болып жіктелетіні анықталды. Топырақтың улы тұздар мөлшеріне байланысты
топырақ сынамасының нұсқаларында Cl––SO4 2– — 0,80 > 0,6 жəне тұзды батпақты топыраққа
жататынын анықталды.
Description
Citation
Рахымжан Ж. Павлодар облысындағы Маралды көлі маңындағы топырақтың тұздануы/Ж. Рахымжан[т.б.]//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География.=Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medicine. Geography Series.-2019.-№4(96).-Б. 45-52.