Қазіргі жағдайдағы моноқалалар дамуының теориялық негіздері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
KSU Publ.
Abstract
Мақалада моноқалалардың қазіргі уақытта дамуының теориялық жақтары басты назарға алына
отырып, қарастырылған. «Моноқала» ұғымының анықтамасына қатысты əртүрлі елдердің ғылыми
көзқарастары кеңінен зерттелген жəне барлық мемлекеттердің бұл түсінікті қалада шоғырланған ірі
кəсіпорындармен байланыстыратыны ерекше анықталған. «Моноқала» ұғымы салалық сипатына ғана
қарай емес, қаланың өмірлік цикліне байланысты болатындығын ғалымдардың тұжырымдары негізге
алына отырып, талданған. Мақалада кеңінен қолданылатын «моноөндірістік» жəне
«моноөнеркəсіптік» қала сияқты ұғымдарға қатысты қалалардың жіктемесі сипатталған. Қазақстан
Республикасы моноқалаларының қалыптасу мен даму мəселелері экономиканы əртараптандырудағы
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасында» көрсетілген шараларға сəйкес
қарастырылған. Авторлар Қазақстанның моноқалаларын макроөңірлер бойынша төрт бағытта
топтастырған: Солтүстік, Орталық Шығыс, Оңтүстік жəне Батыс. Қазақстан Республикасының
моноқалалары салалық ерекшеліктеріне орай сыныпталған: халықтың басым көпшілігі жұмыс істейтін
салалар жəне қала экономикасында ең басты үлесті алатын салалар. Қазақстан Республикасының
моноқалаларының дамуы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы» шеңберінде
атқарылып жатқан шаралардың қазіргі таңдағы іске асырылуы талданған. Əлеуметтік-экономикалық
факторларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының моноқалаларының тұрақты дамуы
бойынша нақты ұсыныстар берілген.
Description
Citation
Мухамедиева Г.М. Қазіргі жағдайдағы моноқалалар дамуының теориялық негіздері/Г.М. Мухамедиева//Қарағанды универисетінің хабаршысы. ЭКОНОМИКА Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия ЭКОНОМИКА.=Bulletin of the Karaganda University. ECONOMY Series.-2018. №1.Б.153-159.