Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің берілу амалдары
| dc.contributor.author | Кенжебекова, Г.А. | |
| dc.contributor.author | Түйтe, Е.Е. | |
| dc.date.accessioned | 2025-10-28T06:40:20Z | |
| dc.date.available | 2025-10-28T06:40:20Z | |
| dc.date.issued | 2025-09-30 | |
| dc.description.abstract | Қазақ халқының танымындағы балаға қатысты атаулар, оны сипаттаудағы лексикалық бірліктер, қазақ балаларының таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Қазақ тіл білімінде балаға қатысты тілдік бірліктер тола болғанымен оларды бір жүйеде қарастыру, қандай лексика-грамматикалық ерекшеліктері бар, сонымен қатар этнолингвистикалық, когнитивтік аспектіде қарастыру мәселелері аса зерттелмеген. Осы орайда бала бейнесін ашуда, оның қандай тілдік амал-тәсілдер арқылы берілгендігін анықтауда қазақ ертегілерінің алатын орны ерекше. Ертегі тілі арқылы ұлттық мәдениетті сақтауға, баланың тіл байлығын арттыруға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады. Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің қандай тілдік амалдар арқылы жасалғандығын зерттеу арқылы баланың қоғамдағы рөлін, оның қазақ отбасындағы алатын орнын айқындауға болады. Қазақ халқы балаға тек бала деп қана қарамай, оны тұлға ретінде бағалап, өмірінің жалғасы деп санаған. Бұл мақалада қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің берілу жолдары, оның қоғамдағы рөлі қарастырылған. Қазақ ертегілерінде бала бейнесі маңызды әрі символдық мәнге ие. Ерекше қасиеттерге ие бала кейіпкер көбінесе қоғамның болашағын, адамгершілік құндылықтарын және идеалдық тұлғаны бейнелейді. Ертегілерде бала бейнесі тек жас ұрпақтың өкілі ретінде ғана емес, сондай-ақ моральдық және этикалық сабақтардың жеткізушісі ретінде көрінеді. Бала бойында кездесетін адалдық, қайырымдылық, батырлық, еңбекқорлық сияқты қасиеттер арқылы ол оқырманға жақсы мен жаманның арасындағы күресті, жеңіс пен жеңілістің мәнін түсіндіреді. Халықтың болмысымен ежелден ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің тілдік табиғатын ашып көрсетуге және ұлттық дүниетанымын терең пайымдауға талпыныс жасалады. Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің берілу жолдары ұлттық құндылықтар арқылы сипатталады, бала бейнесінің тілдік көрінісі және ертегілердегі лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктерін анықтау көзделеді, бала бейнесі ертегілерде әртүрлі әдістермен сипатталады: индирект және директ сипаттау, қиял мен шындықтың үйлесімі, аллегория мен метафоралар арқылы бейнелеу әдістері қолданылып, оның мінез-құлқы мен әрекеттері арқылы ертегілердің негізгі идеясы ашылады. Қазақ халқының мәдениеті мен педагогикалық дәстүрлерін көрсететін бала бейнесі ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесі жас ұрпақтың адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы мен өмірге деген көзқарасын қалыптастырудағы маңызды құрал болып табылады. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Кенжебекова Г.А. Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің берілу амалдары/Г.А. Кенжебекова, Е.Е. Түйтe//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 99-109 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20959 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№3(119)/2025 | |
| dc.subject | қазақ ертегілері | ru_RU |
| dc.subject | бала бейнесі | ru_RU |
| dc.subject | сипаттау әдісі | ru_RU |
| dc.subject | моральдық құндылықтар | ru_RU |
| dc.subject | адамгершілік қасиеттер | ru_RU |
| dc.subject | тәрбиелік мән | ru_RU |
| dc.subject | әлемнің тілдік бейнесі | ru_RU |
| dc.subject | этно-мәдени лексика | ru_RU |
| dc.title | Қазақ ертегілеріндегі бала бейнесінің берілу амалдары | ru_RU |
| dc.title.alternative | Приемы передачи образа ребенка в казахских сказках | ru_RU |
| dc.title.alternative | Methods of conveying the image of a child in Kazakh fairy tales | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |