Батырлар жырындағы этнолексикалық қолданыстардың ерекшеліктері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Этнолингвистика ұлт мəдениетімен, тарихымен, тілімен тікелей байланысты болып келеді. Батырлар
жырындағы этнолексика — материалдық мəдениеттің негізгі көрсеткіші. Мақалада тіліміздегі
этнолексиканың қолданылу ерекшеліктері мен танымдық мəні сөз етіледі. Эпостық жырлардан
ұлтымыздың тарихы, мəдениеті, тілі айқын көрініп, этностың тұрмысынан, болмысынан толық
ақпарат береді. Батырлар жырындағы этнолексикалық қолданыстардың берілу жолдары мен тілдік
табиғаты мəтін ішінде айқындала түсіп, ұлттың материалдық лексикасынан орын алады.
Этнолексикалық қолданыстар лексикамызда ерекше қолданыста болатындығы айқын көрінеді. Оған
жырдан алынған мысалдар нақты дəлел бола алады. Батырлар жырындағы этнолексиканың қолданыс
аясының кеңдігі анықталады. Ұлт мəдениетіне қатысты этномəдени атаулардың тілдік табиғаты
қарастырылып, олардың лексика-семантикалық жүйедегі алатын орны мен қолданысы анықталып,
жырлардан келтірілген үзінділер негізінде айқындалып, олардың ерекшеліктері жан-жақты ашылады.
Description
Citation
Қазанбаева А.З. Батырлар жырындағы этнолексикалық қолданыстардың ерекшеліктері/ А.З. Қазанбаева, З.Н. Жуынтаева, М.А.Тұрсынова / /Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы.-2023.- № 3(111). –17-24 б.