Математикалық білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен кедергілер
| dc.contributor.author | Өмірзақова, Ф.Н. | |
| dc.contributor.author | Тілеубай, С.Ш. | |
| dc.contributor.author | Менлихожаева, С.К. | |
| dc.date.accessioned | 2026-02-18T06:18:02Z | |
| dc.date.available | 2026-02-18T06:18:02Z | |
| dc.date.issued | 2025-12-30 | |
| dc.description.abstract | Мақалада математикалық білім беру жүйесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың өзектілігі сипатталған және оны білім беру үдерісіне енгізу кезінде туындайтын қиындықтар жан-жақты талқыланған. Жасанды интеллект құралдарының білім беру сапасын арттырудағы әлеуеті жоғары болғанымен, оны тиімді жүзеге асыру үшін мұғалімдердің жаңа техноло- гияны қабылдауы, ұстанымдары ерекше мәнге ие. Осыған байланысты зерттеудің негізгі мақсаты ретінде математика пәні мұғалімдерінің ЖИ технологияларына қатысты ұстанымдары анықталған, оларды қолдануға кедергі келтіретін факторлар қарастырылған және тиімді енгізуге ықпал ететін жағдайлар ұсынылған. Зерттеу барысында Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін 141 математика пәні мұғалімінен сауалнама жүргізу арқылы деректер жиналған. Сауал- нама нәтижелері мұғалімдердің басым бөлігі ЖИ технологияларын тиімді оқыту құралы ретінде бағалайтынын көрсеткен. Сонымен қатар респонденттер ЖИ технологияларын қолдану кезінде әдістемелік дайындықтың жеткіліксіздігі мен техникалық ресурстардың тапшылығы сияқты бірқатар қиындықтарды атаған. Мұғалімдердің жынысы, жасы және еңбек өтіліне байланысты ЖИ техноло- гияларын қабылдауындағы айырмашылықтар да анықталған. Зерттеу нәтижелері ЖИ технологияла- рын білім беру үдерісіне тиімді енгізу үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқу мазмұнын цифрландыру, техникалық инфрақұрылымды нығайту және цифрлық сауаттылықты күшейту қажеттігін айқындаған. Ұсынылған тұжырымдар мен ұсыныстар ЖИ технологияларын мектеп прак- тикасына бейімдеп, математикалық білім беруді жетілдіруге нақты жол ашатынын көрсетеді. | ru_RU |
| dc.identifier.citation | Өмірзақова Ф.Н. Математикалық білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен кедергілер/Ф.Н. Өмірзақова, С.Ш. Тілеубай, С.К. Менлихожаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series. -2025. №4. 128-139 б. | ru_RU |
| dc.identifier.uri | https://rep.buketov.edu.kz//handle/data/21887 | |
| dc.language.iso | other | ru_RU |
| dc.publisher | Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті | ru_RU |
| dc.relation.ispartofseries | Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. = Bulletin of the Karaganda University. Pedagogics Series.;№4(120)/2025 | |
| dc.subject | жасанды интеллект | ru_RU |
| dc.subject | математика мұғалімдері | ru_RU |
| dc.subject | білім беру технологиялары | ru_RU |
| dc.subject | жеке оқыту | ru_RU |
| dc.subject | математикалық білім берудегі ЖИ | ru_RU |
| dc.subject | арнайы оқыту | ru_RU |
| dc.subject | білім алушылар | ru_RU |
| dc.subject | ЖИ мүмкіндіктері | ru_RU |
| dc.title | Математикалық білім берудегі жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен кедергілер | ru_RU |
| dc.title.alternative | Искусственный интеллект в математическом образовании: возможности и препятствия | ru_RU |
| dc.title.alternative | Artificial intelligence in mathematics education: opportunities and challenges | ru_RU |
| dc.type | Article | ru_RU |