Қазақстан Республикасында тұрақты мемлекеттік сатып алуды заңнамалық қамтамасыз етудің сұрақтары

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерді ескере отырып, мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алуды жүзеге асырудың немесе «тұрақты мемлекеттік сатып алудың» елімізде жұмыс істеуінің құқықтық негіздеріне шолу жасалған. Тұрақты мемлекеттік сатып алуларды қолдану бүкіл әлемде қарқын алуда. Соңғы онжылдықта көптеген мемлекеттер осы сатып алу түрлерін дамытуға итермелейтін заңдар қабылдады. Қазақстан бұл үрдістен қалыс қалмай, өз заңнамасын жетілдіру әрекеттерін жалғастыруда. Талқыланып жатқан мемлекеттік сатып алу саласындағы «бағытты өзгертуге» арналған заң жобасының жақсы ниетіне қарамастан, заңнамалық өзгерістердің іс жүзінде қалай жүзеге асатыны туралы бірнеше мәселелер түсініксіз қалып отыр. Қолданыстағы заңнама болса тұрақты мемлекеттік сатып алудың жекелеген құрамдас бөліктерін ғана қамтиды. Сол себепті, мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін еліміздің заңнамасына тұрақты мемлекеттік сатып алу қағидаттарын пайдалану тұрғысынан шолу жасау арқылы оның іс жүзінде қолданылуына баға беру, сонымен қатар жалпы тұрақты мемлекеттік сатып алу концепциясын заңнамалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында мақаланың авторлар тобы қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізген. Талқыланып жатқан жаңа заң жобасын ескере отырып аталған институттардың елімізде дамуына байланысты болжамдар жасалынған. Шет елдердегі сәтті тәжірибелерде қарастырылған. Мақала авторлары тұрақты мемлекеттік сатып алулар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызды құралы болып табылатындығын ескере келе, елімізде оны кеңінен қолдану маңызды қажеттілік деген тұжырым жасаған. Осы саланы дамыту мен заңнаманы жетілдіру үшін қажет шаралар ұсынылған.

Description

Citation

Бухаева А.А.Қазақстан Республикасында тұрақты мемлекеттік сатып алуды заңнамалық қамтамасыз етудің сұрақтары/ А.А. Бухаева, Е.М. Айтказин//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Құқық» сериясы.- 2024.- Vol. 29 - № 3(115). – б.27-38.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By