Қазақстандағы отбасылық және гендерлік саясат ұстанымдары мен оларды қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасындағы ағымдағы гендерлік үдерістер қоғам мен мемлекет тарапынан
қолдау тұрғысынан талданған. Заңнамалық және институционалдық деңгейде гендерлік теңдікке қол жеткізудің негізгі мә-
селелері, Қазақстан әйелдерінің экономикалық ілгерілеуінің мәселелері айқындалған.
Әдісі: Елімізде гендерлік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін институционалдық және нормативтік база құрылған. Қа-
зақстандық қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін жоғары мемлекеттік деңгейде ген-
дерлік саясат институты ― Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-
демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының маңызды әдістері қолданылды.
Қорытынды: Мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан қосылған халықаралық акті-
лерде жарияланған ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін жүзеге асыру, сондай-ақ олардың қоғамның
барлық салаларына тең қатысуы үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар берілген.
Тұжырымдама: Қолданылатын әдістер негізінде Қазақстанның мемлекеттік гендерлік саясаты барлық салаларда ба-
рынша гендерлік теңдікті қамтамасыз ететін жаңа қоғамдық қатынастарды құруға мүмкіндік беретін нормаларды, стандарт-
тарды, даму негіздерін, бағыттарын, шектеулері мен бостандықтарын қамтиды. Белгілі бір қоғамда белгілі бір өндіріс тәсілі
мен белгілі бір тарихи қатынастар үшін идеялар мен ережелер жүйесі анықталады.
Description
Keywords
Citation
Акыбаева Г.С.Қазақстандағы отбасылық және гендерлік саясат ұстанымдары мен оларды қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау/Г.С.Акыбаева [et al]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy series. -2023. № 2(110) Б.147-154.