Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін арттыру перспективалары
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Karagandy University of the name of acad. E.A. Buketov
Abstract
Мақсаты: Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің заманауи жағдайы зерттеудің негізі ретінде қарастырылған. Қазіргі таңда зерттеу тақырыбының өзектілігі маңызды болғандықтан, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін арттырудың мүмкін болатын варианттарын анықтау мен оныңмоделін әзірлеу осы мақаланың мақсаты.
Әдісі: Талдау әдісі — қолжетімділік, азық-түлік бағасын реттеу, өмір сүру сапасын жақсарту және т.б. саласында Қазақстанның азық-түлік дамуының талдауы жүргізілді. Өткен кезеңге және азық-түлік қауіпсіздігінің келешегі туралы қорытындылар жасалатын статистикалық әдіс. Модельдеу әдісі азық-түлік қауіпсіздігі моделінің қалыптасуына ықпал етті. Қорытынды: Кезкелген мемлекеттіңазық-түлікқауіпсіздігі қорғалған деп сол елдегі халықтың өз өндірісі есебінен негізгі азық-түлікпен түрақты қамтамасыз етілген жағдайда ғана айтуға болады. Кешенді және жүйелі тәсілдерді ескере отырып экономикалық, әлеуеметтік және экологиялық аспектілерге мән берген жөн. Зерттеу нәтижелері үсынылған азық-түлік қауіпсіздігі моделінде көрсетілген. Тұжырымдама: Зерттеу барысында қол жеткізілгеннегізгі ғылыми ережелер Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді саясатын дайындау және оны іске асыру үшін ақпараттық-талдамалық материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Табиғи және еңбек ресурстары мемлекетке азық түлік бойынша өзін өзі қамтамасыз ететін ел болуға мүмкіндік береді. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы кеңестің қүрылуы мен қызметі қазіргі кезде орын
алып отырған барлық мәселелерді шешуге тиіс.
Description
Citation
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін арттыру перспективалары/ Гриднева Е.Е. [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. <<Экономика>> сериясы.– 2023. – pp. 189-198.