Жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерінің зерттеушілік қабілеттіліктерін дамыту
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін ұйымдастыру мəселесі
өзекті міндет, себебі ол құзыретті маман даярлау кезінде маңызды құрал болып табылады. Мақала
ЖОО-да студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін
зерттеуге арналған. Оқу іс-əрекеттілігімен қатар, ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілік студенттердің
зерттеушілік кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді, ал бұл өз кезекте таңдалған
мамандыққа деген қызығушылықты арттырады. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмысы
болашақ мамандардың қазіргі жағдайда кəсіби ұтқырлыққа дайындығын қалыптастыруда қажетті
құрамдас бөлігі болып табылады. Мақалада ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мəселелері
қарастырылып, ЖОО-да студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін дамыту үшін мақсаттар
мен міндеттер белгіленді. Студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін белсендіруге
мəліметтерді модельдеу мен талдаудың заманауи компьютерлік технологияларын пайдалануымен,
интерактивті əдістер ықпал етеді. Студенттер нақты мəселелерді шешуде өз білімдерін қолдана білуі,
өз тəжірибесінде қолданбалы зерттеулер жүргізе білуі, жаңа стратегиялар құра білуі қажет. Зерттеу
жұмысын ұйымдастырудың факультеттегі ағымдық жағдайды бағалау үшін бітіруші курс студенттері
арасында сауалнама жүргізілді. Физика-техникалық факультетте жүргізілген зерттеулердің үш
кезеңінің жалпыланған нəтижелері ұсынылған. Студенттер көзімен бакалавриат студенттерінің
ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігін дамытудың заманауи жағдайларына бағалау жүргізілді,
студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне деген қызығушылығы зерттелген. Жүргізілген
сауалнама нəтижелері студенттердің ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне айтарлықтай жоғары
қызығушылығын көрсетті. Студенттерді ғылыми-зерттеушілік іс-əрекеттілігіне даярлау кезінде
оқытушының рөлі жəне оның студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетекшілік етуге деген
қызығушылығы маңызды екендігі көрсетілген.
Description
Citation
Сакипова С.Е. Жоғары оқу орындарының жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық мамандықтары бойынша оқитын студенттерінің зерттеушілік қабілеттіліктерін дамыту/С.Е. Сакипова [ж/е т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Физика сериясы. = Вестник Карагандинского университета. Серия Физика. = Bulletin of the Karaganda university. Physics Series. -2020. №4. 105-112 б.