Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының тұрақты дамуын кешендік бағалау және болжау
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақсаты: Мақаланың мақсаты ауылдық аумақтардың тұрақты дамуының ұйымдастырушылық-
экономикалық әлеуетін арттыру бойынша теориялық-әдістемелік негіздерді зерттеу және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды негіздеу болып табылады. Сонымен қатар Қарағанды облысының ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын болжай отыра, көптік регрессия моделін әзірлеу.
Әдісі: Зерттеудің әдіснамалық базасы абстрактілі-логикалық, статистикалық, сараптамалық, салыстырмалы және құрылымдық әдістер болып табылады. Зерттеудің теориялық негізі ауылдық аумақтарды,агроөнеркәсіптік кешенді және жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрақты дамыту саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іргелі еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері.
Қорытынды: Жүргізілген әдістер негізінде ауылдық аумақтардағы еңбек қатынастарын басқару қазіргі таңда стратегиялық бағыттардың басты бөлігі болып табылады, яғни шаруашылықаралық секторларды тиімді басқаруда, шаруашылық субъектілер арасындағы өндірістік және әлеуметтік-экономикалық байланыстардың тиімді жүргізілуі тиіс. Ауыл шаруашылық қызметкерлер бүгінгі таңда жер және өндіріс құралдарына деген құқықтық қатынасқа толық иелік етуде, нәтижесінде экономикалық өнім сатуға мүмкіндік алған. Аталған мәселе шаруашылықаралық өндірістік экономикалық қатынастардың дамуына әсерін тигізеді.
Тұжырымдама: Даму деңгейі төмен ауылдық аумақтар, әдетте, инвестициялар тарту мүмкіндіктері аз, ал әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпіні экономикалық әлеуеттің жоғары деңгейін анықтайды. Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, ауылдық аумақтардың экономикалық дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін (бюджет тұрақтылығының көрсеткіштері, өндірістік әлеуетінің көрсеткіштері және инвестициялық әлеуетінің көрсеткіштері) қалыптастыруға болады. Әзірленген көрсеткіштер жүйесі статистикалық және жедел ақпаратты талдау негізінде ауылдық аумақтардың өндірістік және инвестициялық әлеуетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізудің тиімділігін бағалауға, аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған мақсатты бюджеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Description
Citation
Қарағанды облысы ауылдық аумақтарының тұрақты дамуын кешендік бағалау және болжау/Комекбаева Л.С.[т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Экономика» сериясы.-2022.- № 2(106). – б.238-252.