Аймақтық деңгейде инновациялық процеске қатысушылардың өзара іс-әрекетін жандандыру тетігін әзірлеу
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақсаты: Қазақстан Республикасының өңірлерінде инновациялық қызметті жүзеге асырудың тиімділігін
зерттеу бүгінгі күні инновациялық инфрақұрылым қалыптастырылғанын, алайда инновациялық инфрақұрылым
элементтері экономиканың инновациялық дамуына елеулі әсер етпейтінін көрсетеді. Осыған байланысты зерт-
теудің мақсаты ел өңірлерінің инновациялық әлеуетін толық іске асыруға ықпал ететін аймақтық ғылыми-
технологиялық парктің жұмыс істеу моделін әзірлеу болып табылады.
Әдісі: Зерттеу барысында сапалық және сандық әдістердің бірлігін қамтамасыз ете отырып, мәселелерді
шешуге жүйелі көзқарасты көздейтін ғылыми әдістеме қолданылды. Атап айтқанда, индекстік әдістер, интег-
ралдық бағалау әдістері, корреляциялық-регрессиялық талдау (Пирсонның корреляция коэффициенті), бірнеше
корреляциялық талдау.
Қорытынды: Мақалада аймақтық ғылыми-технологиялық парктің жұмысына корреляциялық-
регрессиялық талдау жүргізу негізінде оның республика аймақтарының инновациялық дамуына әсерін баға-
лаумен расталған отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін коммерцияландыруға жәрдемдесетіні негіздел-
ген.
Тұжырымдама: Аймақтық ғылыми-технологиялық паркті қалыптастыру ел өңірлері экономикасының бә-
секегеқабілеттілігі үшін технологиялық құрамдас бөлікті қамтамасыз ете алады және сол арқылы аймақтардың
зияткерлік әлеуетін толық қайтарыммен пайдалануға мүмкіндік береді.
Description
Citation
Нургалиева С.Ж. Аймақтық деңгейде инновациялық процеске қатысушылардың өзара іс-әрекетін жандандыру тетігін әзірлеу/С.Ж. Нургалиева, Д.С. Бекниязова, С.В. Беспалый//Қарағанды университетінің хабаршысы. Экономика сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Экономика. = Bulletin of the Karaganda University. Economy Series. -2021. №4. 127-136 б.