Қазақ тілінің академиялық корпусын әзірлеу: мақсаты, міндеті, маңызы (гуманитарлық ғылымдар бағытында)
Loading...
Files
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Академиялық корпус — білім беру және ғылыми кеңістіктің негізгі бөлігінің бірі. Корпус әзірлеу ісі
жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттырып, ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған кешенді
үдеріс ретінде танылады. Мақалада гуманитарлық ғылымдар бағытындағы қазақ тілі академиялық
корпусын әзірлеу мәселесі қарастырылған: корпусты жасақтаудың мақсат-міндеттері мен маңызы
талданған. Академиялық корпус әзірлеу ісінің маңыздылығы ұлттық тілдегі ғылыми мәтіндердің
кешенді эмпирикалық базасын құру, сол арқылы ұлттық тілді ғылым тілі ретінде зерделеу саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты — гуманитарлық ғылымдар бағытында жарық көрген қазақ тілі
деректері корпусының мақсат-міндетін, оның қазақ ғылыми тілін дамытудағы атқарар рөлін,
мазмұндық сипатын талдау. Корпус әзірлеу ісіне гуманитарлық ғылымдардың философия, тарих,
дінтану, археология және этнология, шығыстану, теология, түркітану, шығыстану, мұражай ісі, шетел
филологиясы, аударма ісі, қазақ филологиясы сынды бағыттарының деректері алынады. Академиялық
корпус әзірлеу ісі оған қойылатын талап-меже тұрғысынан сипатталады. Корпус әзірлеудің табиғи
тілді өңдеу жүйелерін дамытудың маңызды тетігі екендігіне назар аударылады. Қазақ тілінің
академиялық лексика, академиялық морфология, академиялық синтаксис ерекшеліктерін жинақтауға
мүмкіндік беретіндігі сипатталады. Корпус жасағына енгізілетін қысқаша аңдатпа, тезис, баяндама,
мақаладан бастап кең көлемді монография, диссертация, оқулық, оқу құралы кешендерінің ғылыми
деректерді талдау үшін аса қажет болатындығы талдауға түседі. Тілдік деректерді жинау,
редакциялау, цифрландыру кезеңіндегі метадеректер (метабелгіленім) базасының маңызы әлемдік
тәжірибе мысалында қарастырылады. Метадеректер аясында қазақ тілін ғылым тілі ретінде зерттеуді
дамытудың оңтайлылығы көрсетіледі. Академиялық корпус әзірлеудің ғылыми-практикалық негізін
зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, филологиялық сараптау, талдау секілді әдістер қолданылған.
Әлемдік тәжірибелерге шолу жасауда сипаттау, салыстыру әдістері, тілдік деректерді мазмұндық,
құрылымдық жағынан қарастыруда сипаттау, талдау әдістері пайдаланылған. Алынған нәтижелерді
терминология, лексикография, когнитивтік тіл білімі, гендерлік лингвистика, аударматану және т.б.
ғылым салаларында жаңаша зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретіндігі талданады. Гуманитарлық
ғылымдар бағытын зерттеу нысаны бойынша іштей топтастырып, тілдік деректерді жинауда
атқарылар ғылыми-практикалық жұмыс барысында ескеруге, пысықтауға тиіс мәселелер қатары да
сөз етіледі. Атап айтқанда, корпус әзірлеудің мақсат-міндеттерін айқындау кезеңінде, тілдік
деректерді жинау, редакциялау, цифрландыру кезеңінде, сондай-ақ белгіленім (разметка) кезеңінде
ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан аса мән берілуі тиіс жайттардың орын алатындығы көрсетіледі.
Академиялық корпустың мақсатына сай оған енгізілетін мәтіндер теңгерімділігін
(сбалансированность) сақтаудың пәнаралық ерекшелігі айқындалған. Кейбір пәндердің ұлттық тілдегі
үлес салмағынан гөрі өзге (ағылшын, орыс) тілдердегі жарияланым жиілігі басымдығының
теңгерімділік шартына әсер ету жайы талданған.
Description
Citation
Қоңыратбаева Ж.М. Қазақ тілінің академиялық корпусын әзірлеу: мақсаты, міндеті, маңызы (гуманитарлық ғылымдар бағытында)/Ж.М. Қоңыратбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2025. №3. 88-98 б.