Ұлт интеллигенциясының қуғындалу тарихы (ХХ ғасырдың 20-ж. соңы – 30 ж. басы)

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

ҚарМУ басп.

Abstract

Мақалада ұлттың тағдырын ойлаған қазақ зиялылары қауымының ХХ ғасырдың 20-ж. соңы мен 30-ж. басында патша үкіметі тұсындағы орыс үкіметінің отаршылдық саясатына, кеңестік жүйе кезіндегі большевиктік биліктің қыспағына қарсы шығып, қуғын-сүргінге ұшырау тарихы зерттелген. Қазақ азаматтарын қуғындау 30-ж. қатты өршіп, мерзімді баспасөзде кеңестік жүйеге қарсы шығушылардың қатарын жұртшылыққа жариялауға белсене кіріскендігі, тұтқындалып, істі болғандар, мерзімдерін өтеп келгеннен кейін де үкімет тарапынан мұқият бақылауға алынып, олардың үстінен 1937–1938 жж. қайтадан іс қозғалып, ақыры, қуғын-сүргін құрбанына айналғаны мəлім. Қазақстандағы бұл кездердегі қуғындау барысына қазақтың ұлт зиялыларымен қатар, қарапайым жұмысшы да, шаруа да ілініп кетті. Мемлекеттік қауіпсіздік басқармасының анықтамасында бұрынғы алашордашылар мен қазақ ұлтшылдарының революцияға қарсы əрекеттері келтірілген. Халық жауы ретінде айыпталғандарға қателіктерін жариялы түрде мойындауларын талап еткен. Қысым көрсету, қорқыту нəтижесінде көпшілігі өзіне жабылған жала айыпты мойындауға мəжбүр болды. 1937–1938 жж. «халық жауы» ретінде қамауға алынған азаматтардың арасында 30-ж. жаламен сотталып келгендер, ату жазасына кесілгендердің тағдыры қарастырылған.

Description

Citation

Жораева, Г.Т. Ұлт интеллигенциясының қуғындалу тарихы (ХХ ғасырдың 20-ж. соңы – 30 ж. басы) / Г.Т. Жораева // Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия сериясы. = Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия. = Bulletin of the Karaganda university. History.Philosophy series. – 2019. - № 3. – 14-18 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By