Сөйлеуде бейберекеттіліктен реттілікке өту

dc.contributor.authorЖақыпов, Ж.А.
dc.contributor.authorТуйлебаева, Қ.Б.
dc.date.accessioned2025-08-18T11:19:58Z
dc.date.available2025-08-18T11:19:58Z
dc.date.issued2025-06-30
dc.description.abstractМақалада түрлі ғылым саласының зерттеу нысанына айналған, ашық та күрделі жүйелерде болатын құбылыстардың өздігінен ұйымдасуы арқылы қоғамға бейімделу сипатын білдіретін ұғым ретінде қарастырылып жүрген синергетиканың бейберекеттік (хаос) құбылысын реттеудегі контекст мәні мен қызметі қарастырылған. Мақала «Қазақ тіліндегі синергиялық құбылыстар» атты докторлық диссертация бойынша жүргізілген зерттеу жұмысының тілдік айғақтар арқылы талдау бөлімін қамтиды. Синергия ұғымы әлемдік тенденцияға айналып, барлық ғылым саласы жаппай қолданып жатқанда, тіл жүйесін зерттеуде лингвистикада (лингвосинергетика), оның ішінде қазақ тіл білімінде де зерделенуі заңды деп санаймыз. Лингвосинергетика тілді динамикалық және өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе ретінде қарастырады, жүйедегі элементтердің бірлесе әрекет етуі жаңа лингвистикалық формалар мен жаңа ашылулардың пайда болуына әкеледі. Мақаланың басты мақсаты — сөйлеудегі бейберекеттік (хаос) құбылысын контекст арқылы реттеудің механизмдерін анықтау, тілдік айғақтар арқылы мән-мағынасын ашу. Осы мақсатымызға жету үшін алдымызға келесі аталған міндеттерді қойдық: – синергетиканың хаос құбылысының мәні мен тіл біліміндегі көрінісін сипаттау; – контекстің хаос құбылысын реттеуде маңызды рөл атқаратынын айқындау; – тілдік айғақтарға контекстік талдау жасау. Зерттеу материалы ретінде аталған тақырып бойынша жазылған монографияларға, ғылыми мақалалар мен түрлі зерттеу жұмыстарына шолу жасалды, нәтижесінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан мысалдар (тілдік айғақтар ретінде) ұсынылады. Зерттеу барысында дәстүрлі сипаттамалық, салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы әдістермен қатар, тілдік айғақтарға синергетикалық, контекстік және лексикалық талдау жасалды. Зерттеудің теориялық маңызы лингвосинергетика, соның ішінде хаос ұғымына қатысты білімді жүйелеу және осы саладағы қазіргі заманғы зерттеулердің сипатын тереңірек түсіну болса, практикалық маңызы синергия, лингвосинергетика, хаос және контекст тақырыптары бойынша ізденушілерде зерттеу, талдау нәтижесі негізінде тереңірек білім қалыптастыруға қосқан үлесі арқылы көрінеді. Авторлар ғылыми материалдар мен негізді дерек көздеріне сүйене отырып, тіл жүйесін зерттеуде лингвосинергетика заңдылығын түсіну маңызды деген қорытындыға келді және зерттеу нәтижесінде контекст хаосты реттейтін негізгі фактор ретінде анықталады. Қазақ тіл білімінде тіл жүйесінің ашық, үнемі дамып отыратын синергиялық құбылыс екені туралы жалпылама теориялық зерттеу жұмыстары болғанымен, синергиялық құбылыс түзуші ұғымдарға талдау жасалған жоқ. Мақала — хаосты реттеудегі контекст маңызын нақты мысалдармен, тілдік айғақтармен ашып көрсететін алғашқы зерттеу жұмысы болмақ.ru_RU
dc.identifier.citationЖақыпов Ж.А. Сөйлеуде бейберекеттіліктен реттілікке өту/Ж.А. Жақыпов, Қ.Б. Туйлебаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series. -2025. №2. С.70-78.ru_RU
dc.identifier.urihttps://rep.buketov.edu.kz//handle/data/20769
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherКарагандинский университет им. акад. Е.А. Букетоваru_RU
dc.relation.ispartofseriesҚарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология=Bulletin of the Karaganda University. Philology series.;№2(118)/2025
dc.subjectсинергетикаru_RU
dc.subjectхаосru_RU
dc.subjectконтекстru_RU
dc.subjectтілдік жүйеru_RU
dc.subjectлингвосинергетикаru_RU
dc.subjectдиссипацияru_RU
dc.subjectбифуркацияru_RU
dc.titleСөйлеуде бейберекеттіліктен реттілікке өтуru_RU
dc.title.alternativeПереход от хаоса к порядок в речиru_RU
dc.title.alternativeThe transition from chaos to order in speechru_RU
dc.typeArticleru_RU

Files

Original bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
фил-70-78.pdf
Size:
1009.75 KB
Format:
Adobe Portable Document Format
Description:

License bundle

Now showing 1 - 1 of 1
Loading...
Thumbnail Image
Name:
license.txt
Size:
1.71 KB
Format:
Item-specific license agreed upon to submission
Description: