Қазақстанда атом электр станциясын салудың объективті қажеттілігі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің баспасы
Abstract
2024 жылдың 6 қазанында Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС)
құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өтіп, халықтың көпшілігі жобаны қолдады.
АЭС электр энергиясын өндіруде тиімді әрі экологиялық таза шешім болғанымен, Қазақстан
өздігінен АЭС сала алмайды. Қаржылық тапшылық және техникалық тәжірибенің жоқтығы
шетелдік серіктестердің көмегіне жүгінуді қажет етеді. Негізгі серіктестер ретінде Франция,
Оңтүстік Корея, Қытай және Ресей қарастырылды. Ресей Федерациясы тиімді серіктес
ретінде ұсынылып отыр, себебі бұл елдің тәжірибесі мол және жобаның
қаржыландырылуын қамтамасыз ете алады.
АЭС құрылысы экономикалық тұрғыдан инвестиция тартуға мүмкіндік бергенімен,
электр қуатының бағасына әсері және келісім-шарттардың шарттары жан-жақты
қарастырылуы тиіс. Жобаның тиімділігі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік
аспектілердің толық зерттелуіне байланысты.
АЭС Балқаш өңірінде салынады деп жоспарлануда.
Description
Citation
Нұржан М.Ә. Қазақстанда атом электр станциясын салудың объективті қажеттілігі/М.Ә.Нұржан, Г.Құдайберген, Е.Молдағали//Цифрлық экономика: бизнестің жаңа архитектоникасы және құзыреттіліктер трансформациясы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы.12 желтоқсан 2024 ж. Ғылыми электрондық басылым = Цифровая экономика: новая архитектоника бизнеса и трансформация компетенций. Сборник материалов международной научно-практической конференции 12 декабря 2024 г. Научное электронное издани=Digital economy: new business architectonics and transformationof competencies. Collection of materials of the International Scientific and Practical Conference December 12th, 2024. Scientific electronic edition. - 2024. 88-90 б.