Ғылыми шығармашылықтың философиялық аспектілері

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақала өзекті эпистемологиялық мәселеге ғылыми шығармашылық ұғымының мәні мен сипатын, сонымен бірге оның философиялық аспектілерін зерттеуге арналған. Кез келген ғылыми мәселені шешу және жаңалық ашу шығармашылықсыз мүмкін емес. Ғылыми шығармашылық адамның ерекше қызметі ретінде адамның жаңа рухани және материалдық құндылықтарын жасаудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған конструктивті іс-әрекет. Шығармашылыққа кез келген догматизмге қарсы келу тән, сондықтан мақалада шығармашылыққа философиялық талдау жасау арқылы мәні мен ерекшеліктері зерделенді. Мақаланың мақсаты — ғылыми шығармашылықтың аспектілерін талдау, оларды интуициямен байланыстыру арқылы зерттеу. Міндеті ғылыми шығармашылыққа сипаттама беру, интуиция мәселесіне арналған зерттеулерге шолу жасап, ғылыми шығармашылықтағы интуицияның орнын көрсету және оның мүмкін механизмдерін айқындау. Мақалада ғылыми шығармашылықтың мәндік белгілеріне сипаттама берілген. Сонымен қатар, философиялық дәстүр, әдіснамалық, этикалық, әлеуметтік, психологиялық аспектілер мен сыни тұрғыдан ойлау және олардың интуициямен байланысы зерделенген. А. Бергсонның интуитивизм әдісінің ғылыми шығармашылықтағы орны оның түп еңбектеріне сүйену, сонымен бірге, Ж. Делездің бергсонизм ұғымына философиялық талдау жасауы арқылы зерттеу жасалған. Философиялық ойдың пайда болуынан бастап, қазіргі кезге дейінгі интуиция туралы идеялардың қысқаша эволюциясы қамтылған. Ғылыми шығармашылық пен интуицияны зерттеуші тұлғаның психологиясымен арақатынасы Ж. Адамердің А. Пуанкаре туралы зерттеулері мен М. Поланидің «жеке білім» концепциясы арқылы зерделенген. Сонымен бірге, ғалымдардың ғылыми шығармашылық процесінде жауапкершілік пен шешім қабылдауындағы этика мен интуицияның арақатынасының ықпалы да талдауға алынған.

Description

Citation

Жахина Т.С. Ғылыми шығармашылықтың философиялық аспектілері/Т.С. Жахина, Г.А. Адаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №3. 409-417 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By