Жоғары мектепте ұлттық әдебиетті зерттеу мен оқытудың әдіснамалық мәселелері
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
КарУ баспасы
Abstract
Мақалада жоғары оқу орындарында қазіргі таңдағы ұлттық әдебиетті зерттеу мен оқытудың
әдіснамалық мәселелері қарастырылған. Кеңестік дәуірден келе жатқан, бүгінгі талаптарға жауап бере
алмайтын ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік концепциялар анықталған. Қазақстанның Тәуелсіздік
алуымен бірге ұлттық құндылықтарға, оның ішінде әдеби мұраларға, оны игеру мен оқытуда жаңаша
көзқарастар қалыптастыру — педагогика мен әдебиеттану ғылымының бірлесе шешетін маңызды
мәселелерінің бірі. Жаһандану процесінің шапшаң жүруі өз талаптарын қойып отыр. Автор қазақ
әдебиетін әлемдік әдебиет контексінде зерттеудің өзекті мәселелерін көрсете отырып, оны шешудің
жолдарын ұсынған. Әлемдік құбылыстар мен ұлттық әдебиеттер арасындағы ортақ
тенденцияларды айқындауда түрлі ғылыми мектептердің қалыптастырған әдістемелеріне,
пәнаралық байланыстардың маңызына талдаулар жасалған.
Description
Citation
Жарылғапов Ж.Ж. Жоғары мектепте ұлттық әдебиетті зерттеу мен оқытудың әдіснамалық мәселелері/ Ж.Ж. Жарылғапов//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series.;№2(106) - б.134-140.