Көне түркі-қазақ дүниетанымындағы концепт ретіндегі «Туған жер» идеясы мен оның құндылықтық бағдарлары
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
NLC “Karaganda National Research University named after аcademician Ye.A. Buketov”
Abstract
Мақалада көне түркі және қазақ дүниетанымындағы «Туған жер» идеясының мәдени-философиялық негіздері талданған. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы талдау, феноменологиялық, психоаналитикалық, логикалық-семантикалық, герменевтикалық және құрылымдық-функционалдық әдістер қолданылды. «Туған жер» тек географиялық ұғым ғана емес, рухани және әлеуметтік құндылықтардың негізгі тірегі және когнитивтік-эпистемологиялық концепт ретінде сараланды. Түркі дәуірінен бастап, сақтар, түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, Қазақ хандығы кезеңінен қазіргі заманға
дейінгі туған жерге деген сүйіспеншілік, оны қорғау мен қастерлеу дәстүрлері қалыптасқандығы туралы айтылды. Оған көне дәуірдегі арғы түркілердің мифологиялық сенімдері, поэтикалық дәстүрлер мен этнофольклор, тарихи деректер т.б. материалдар ретінде пайдаланылды. Зерттеуде туған жер концептісінің ұлттық сана, патриотизм, рухани құндылықтар мен тарихи сабақтастықты қалыптастырудағы рөлі әр қырынан сипатталды. Туған жерді: «Жер-Ана» ретінде құрметтеу, оны қорғау дәстүрі қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық-этикалық және эстетикалық құндылықтарының негізі ретінде қарастырылады. Нәтижесінде «Туған жер» идеясының құндылықтық бағдарлары жинақталып ұсынылды: қасиеттілігі, ұлттық бірегейлікті қалыптастырушылық құндылығы; сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастырушылық көріністері; тарихи сабақтастықтың дәйегі; эмоционалды-эстетикалық бағдарлар; моральдық-этикалық конституциялар; экономикалық-геосаяси кеңістіктік институциялаулар т.б.
Description
Keywords
Citation
Көне түркі-қазақ дүниетанымындағы концепт ретіндегі «Туған жер» идеясы мен оның құндылықтық бағдарлары / Туленова С.М. [et al.] // Logos: Eurasian Journal of Philosophy. – 2026. – Vol.31. – № 1(121). – pp. 102-115.