Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайпласт суларынан оқшауланған микроорганизмдердің таксономиялық әртүрлілігін шетелдік мұнай кен орындарымен салыстыру
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада әртүрлі мұнай кен орындарының мұнайпласт суларынан оқшауланған микроорганизмдер
сипатталған, олар микробтық мұнай бергіштікті арттыру (MEOR) әдістерін зерттеудің негізгі
объектілері болып табылады. Микроорганизмдер мұнайды алу үшін потенциалды пайдалы бірқатар
метаболиттерді (биомасса, биосурфактанттар, биоқышқылдар, биоеріткіштер, биополимер, биогаз)
бөліп шығарады. Бұл метаболиттер мұнайдың тұтқырлығын және беттік белсенді зат ретінде мұнай
мен су арасындағы фазааралық үйкелісті азайтуға, оның кеуектілігі мен өткізгіштігін арттыруға
көмектеседі. Сонымен қатар үш белсенді «Жетібай», «Құлсары» және «Ақінген» кен орындары
ұңғымаларының және бірнеше жыл бойы әлемнің әртүрлі мұнай кен орындарының мұнайпласт сула-
ры микроорганизмдерінің таксономиялық биоәртүрлілігі туралы баяндалған. Мұнай микро-
организмдерінің маңызы, оларды зерттеу, MEOR процестерінің маңызы, халықаралық және Батыс
Қазақстан мұнайпласт суларынан оқшауланған мұнай микробтарын өзара салыстыру және осы
микроорганизмдердің болашағы туралы мәліметтер жинақталған. Сондай-ақ мақалада Bacillus sp.,
Pseudomonas sp. сияқты қоршаған ортаның қолайсыз өзгерістеріне қарсы, иммунитеті жоғары микро-
организмдер туралы ақпарат берілген. Бұл түрлер беттік белсенді заттар, газдар, спирттер,
қышқылдар және биополимерлер бөліп шығарады. Батыс Қазақстандағы мұнай кен орындары
микроорганизмдерінің таксономиялық биоалуантүрлілігінің ұқсастығы және олардың келешегі, со-
нымен қатар алыс елдердің мұнай кен орындарындағы микроағзаларды МЕОR процестерінде пайда-
лануы талқыланған.
Description
Citation
Төлеген Н.Е. Батыс Қазақстан кен орындарының мұнайпласт суларынан оқшауланған микроорганизмдердің таксономиялық әртүрлілігін шетелдік мұнай кен орындарымен салыстыру/Н.Е. Төлеген [және т.б.]//Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Биология. Медицина. География. = Bulletin of the Karaganda University. Biology. Medecine. Geography Series. -2022. №3. 127-135 б.