Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: мақсаты, барысы, салдары

Loading...
Thumbnail Image

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Abstract

Мақалада Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың мақсаты, барысы мен салдары жан- жақты қарастырылған. Кеңес Одағының ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясаты, елдің аграрлық құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғандығы талданды. Ұжымдастырудың негізгі мақсаты жеке шаруашылықтарды жою, ұжымдық негізде өндірісті ұйымдастыру және ауылшаруашылық ресурстарын мемлекеттік бақылауға бағындыру. Авторлар мақалада мал мен мүлікті мәжбүрлеп алып қоюды, халықты колхоздарға біріктіруді қоса алғанда, ұжымдастырудың іске асырылу барысы, сондай-ақ ауыл тұрғындарын мемлекеттік жоспарларды орындауға мәжбүрлеу жөніндегі шараларды талдаған. Бұдан басқа, ұжымдастырудың қазақ қоғамы үшін терең әлеуметтік-экономикалық және демографиялық салдары, оның ішінде 1930 жылдардағы жаппай ашаршылық пен халықтың көші- қоны, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық жүйесінің жойылуы туралы айтылған. Мақала қазақ халқының тарихындағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру саясатының орны мен маңызын түсінуге, сондай-ақ ұжымдастыру салдарларынан туындаған әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістерді анықтауға бағытталған. Зерттеу нәтижелері ұжымдастыру саясаты ауыл шаруашылығы мен халықтың өміріне қатты әсер еткенін және оның тарихи маңыздылығы әлі де зерттеліп жатқанын көрсетеді.

Description

Citation

Бекболатқызы Ж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: мақсаты, барысы, салдары/Ж. Бекболатқызы, К.Б. Болатова, А.Б. Байгапанова//Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия История. Философия. = Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series. -2024. №3. 82-90 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By