Жалпы түркілік «bul», «bod», «tom», «jap», «eŋ» этимондарының этимологиялық этюдтері
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Abstract
Мақалада сөздің және оның мағынасының төркіні мен тарихын табудың, яғни этимологияның әдіс-тәсілдері мен жолдарының теориялық және әдістемелік негіздері баяндалып, олар жалпы түркілік «bul», «bod», «tom», «jap», «eŋ» этимондарының мысалында талданған. Мақаланың мақсаты — сөздердің этимологиясын жаңа әдіс-тәсілдері арқылы талдап, төркінін табудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау. Этимологиялық ізденістердің басты принципі ол сөздерді диахрониялық және синхрониялық аспектіде фоно-морфо-семантикалық кешенде талдау екендігі дәлелденеді. Ізденіс материалы — түркі жазба ескерткіштері және қазіргі түркі тілдеріне ортақ аталған лексикалық
бірліктер. Тақырыптың өзектілігі белгілі бір сөздің этимологиясын іздеу мен табу барлық жазба деректерді түгел қамтып, кешенді талдау жасалынбағандығында жатыр. Iздeнic мәлiмeттepiн жүйeлeу, жiктeу үдepiciндe cөз ceмaнтикacын кeшeндi (кoмплeкcтi) тaлдaу, дapaлaп (кoмпoнeнттi) тaлдaу apқылы ceмaнтикaлық, тaқыpыптық жәнe гpaммaтикaлық тoптapғa жiктeй oтыpып, этимoлoгиялық
жәнe этнoлингвиcтикaлық әдic-тәciлдepдi қoлдaнaмыз. Зерттеудің маңыздылығы түркі тілдеріне ортақ этимондардың этимологиясын түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің мәліметтерін толық қамту арқылы ғана дәлелдеуге болатындығына көз жеткізу. Ізденіс нәтижесінде: жалпы түркілік «bul», «bod», «tom», «jap», «eŋ» этимондарының фоно-морфо-семантикалық төркіні мен тарихы тарихи және қазіргі мәліметтер негізінде дәлелденді, ортақ түркі лексикасының
синхрондық статикасы мен диахроникалық динамикасы анықталды, тілдік мәліметтерінің жүйелілігі мен кешенділігі екендігі нақтыланды, олардың ара қатысы, айырмашылықтары көрсетілді.
Description
Keywords
салыстырмалы-тарихи әдіс, түркі жазба ескерткіштері, қазіргі түркі тілдері, семантикалық деривация, кешенді фоно-морфо-семантикалық талдау, сравнительно-исторический метод, памятники тюркской письменности, современные тюркские языки, семантическая деривация, сравнительно-исторический метод, комплексный фоно-морфо-семантический анализ, comparative historical method, monuments of Turkic writing, modern Turkic languages, semantic derivation, complex phono-morpho-semantic analysis
Citation
Жалпы түркілік «bul», «bod», «tom», «jap», «eŋ» этимондарының этимологиялық этюдтері/ Ш.Ш. Жaлмaхaнoв [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024.— 29-т., 4(116)-шығ. — б. 34-44