Қазақстандағы орта білім мазмұнына тарихи жадының ықпалын талдау (1991–2021 жж.)
Loading...
Files
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада Қазақстандағы орта білім мазмұнына тарихи жадының ықпалын зерттеу мәселесі қарастырылған. Тарихи жады — ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды факторы, сондықтан оны білім беру жүйесі арқылы қалыптастыру немесе білім саласы арқылы халықтың санасына ықпал ету маңыздылығын жоймайтын мәселе. Зерттеудің мақсаты — 1991–2021 жылдар аралығында Қазақстандағы орта білім беру жүйесінде тарихи жадының берілу ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу
барысында тарихи білім мазмұнындағы негізгі өзгерістер мен оларды айқындайтын әдіснамалық тәсілдер зерделенді. Қазақстандық тарихшы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, тарихи жадының берілу механизмдері, оның ұлттық идеологияға және білім беру бағдарламаларына ықпалы талданды. Қазақ өз тарихын бұл күнге жадымен жеткізген халық екенін білеміз. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз мемлекет құрудың жаңа белесін игере бастады. Яғни, ел болашағының дүниетанымдық
жаңа моделін жобалау, басты құндылықтарды айқындау мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Орта білім мазмұны тұлғаның шығармашылық тұрғыдан дамуына және адамның ерекшеліктерін, қажеттіліктерін тануға да ықпал етуі тиіс. Зерттеу нәтижелері орта білім беру жүйесінде тарихи жадының берік орны бар екенін, бірақ оның мазмұнын жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Бірқатар тарихи кезеңдердің үстірт оқытылуы, тарихи фактілердің кейде объективті ұсынылмауы маңызды
мәселелер ретінде анықталды. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие беру мен тарихи сананы қалыптастыруда тарихи жадының мәні ерекше екені дәлелденді. Бұл зерттеу тарихи білім беруді жаңғырту, оқу бағдарламаларын жетілдіру және оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру мақсатында тарих, педагогика және саясаттану салаларында пайдаланылуы мүмкін.
Description
Citation
Қазақстандағы орта білім мазмұнына тарихи жадының ықпалын талдау (1991–2021 жж.)./ Ж.С. Смаханова [et al.] // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. — 2025. — 30-т., 2(118)-шығ. — 153-162 б.