Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданының жер-су атаулары: тарихи және мәдени талдау

Loading...
Thumbnail Image

Date

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ баспасы

Abstract

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы топонимиялық жүйесі өңірдің табиғи- географиялық болмысы мен этномәдени тарихының маңызды көрсеткіші болып табылады. Аудандағы көл, өзен, жон, төбе, батпақ, қырат, жайылым атаулары мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан шаруашылық, миграциялық бағыттар, тарихи оқиғалар мен этностық ерекшеліктердің тілдік бейнесін сақтаған. Бұл мақалада Уәлиханов ауданының гидронимдері, оронимдері, ойконимдері және дримонимдері тарихи-этимологиялық, географиялық және мәдени тұрғыда талданады. Зерттеу үшін «Солтүстік Қазақстан облысы топонимдері» атты жинақтағы материалдар, архив құжаттары және аймақтық деректер пайдаланылды. Аудан бойынша гидронимдер санының басымдығы өңірдің көлді- батпақты аймақ екенін дәлелдейді (гидронимдер статистикасы жалпы облыс бойынша 2325 нысанды құрайды, оның ішінде Уәлиханов ауданында өзендер саны - 28) [1, 104-б.].Сонымен қатар оронимдер ішінде 59 тау-төбе нысаны тіркелгені аймақтың жоталы-қырлы бедерге ие екенін көрсетеді.[1,203]Мақала жер-су атауларының уәждемесі, атаулардың тарихи қабаттары, славян және түркі негізді топонимдердің арақатынасы, сондай-ақ кеңестік идеология кезеңінде өзгеріске түскен атауларды саралайды. Зерттеу нәтижесінде аудандағы топонимиялық жүйенің аймақтық айрықша сипаты мен мәдени-тілдік ақпараттың сақталуы анықталған болды.

Description

Citation

Ислямов Ж.Ж. Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданының жер-су атаулары: тарихи және мәдени талдау/Ж.Ж. Ислямов//Қазақстан - менің Отаным = Казахстан - мое Отечество. -2026. 175-179 б.

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By