Терминжасам үрдісіндегі будан терминдер мәселесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақаланың мақсаты қазіргі қазақ тілінің терминжасам үрдісіндегі будан терминдердің
лингвистикалық ерекшеліктерін қарастыру, сипаттау және олардың пайда болу ерекшеліктерін,
сөзжасамдық құрамын талдау. Сондай-ақ мақалада шет тілдік бірліктер негізінде қалыптасқан
терминдердің бастапқы лексика-грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қазіргі қазақ
тілінің нормаларына сәйкес ресімдеу принциптері талданды. Зерттеу материалы ретінде Қазақстан
Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тарихи-мәдени, қоғамдық-әлеуметтік,
экономикалық, саяси және басқа да маңызды салаларда, ғылым мен техникада белсенді қолданылатын
будан терминдер алынды. Зерттеу барысында терминдерге қатысты талдау, синтез, интерпретация,
жалпылау және абстракциялау амал-тәсілдері және қолданылған негізгі ұғымдарды ашу мақсатында
теориялық түсіндіру, сипаттау тәсілдері қолданыс тапты. Жұмыс нәтижесінде тілдегі будан
терминдердің құрамы талданып, олардың пайыздық көрсеткіші берілді.
Description
Keywords
Citation
Ахмет А.Н.Терминжасам үрдісіндегі будан терминдер мәселесі / А.Н.Ахмет, Ш. Құрманбайұлы // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Филология» сериясы. — 2024. — Vol.29. №3(115). — б.6-13.