Тілдік пəндерді оқытуда кино дискурсын қолданудың артықшылықтары
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
"Акад. Е.А. Бөкетов ат. Қарағанды ун-ті" КЕАҚ баспасы
Abstract
Мақала тілдік пəндерді оқыту барысында білім алушылардың тілдік дағдылары мен құзыреттіліктерін
дамытуда кино дискурсының беретін мүмкіндіктері туралы сөз қозғайды. Еліміздегі білім берудің жа-
ңартылған мазмұны аясында оқушылардың əр пəн бойынша алған білімдерін өмірде қолданып, фун-
кционалды сауатты тұлға болып қалыптасып шығуына баса назар аударылады. Бұл тұрғыда тілдік
пəндерді оқыту əдістемесі бойынша оңтайлы оқу құралдары мен əдіс-тəсілдерді табу үлкен өзектілік-
ке ие. Автор мақалада тілдік пəндерді, соның ішінде қазақ тілін оқыту үдерісінде білім алушылардың
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын жəне сөздік қорларын дамытып, тілдің ұлттық-
мəдени қырларын меңгерулері үшін кинофильмдердің атқара алатын əлеуетін ашып зерттеуді мақсат
еткен. Зерттеу барысында кинофильмдерді дидактикалық оқу құралы ретінде қолданудың тиімділігі
қарастырылып, бұл бағытта зерттеу жүргізген ғалымдардың тұжырымдарымен дəлелденді. Оқу үдері-
сінде кинофильмдерді дидактикалық құрал ретінде қолдану, біріншіден, білім алушылардың тақы-
рыпты қабылдауын жеңілдетіп, олардың қызығушылығын арттырады əрі жаңа материалды жақсы есте
сақтауға негіз болады, екіншіден, тілді шынайы əрекетте, дискурс аясында зерттеп тануға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар кино дискурсы негізінде оқу үдерісін ұйымдастырудың психологиялық аспек-
тісі мен лингводидактикалық мүмкіндіктері сараланды. Бір кинотуындының мысалында аталған
дискурс түрімен ұсынуға болатын тапсырма үлгілері көрсетіліп, талданды. Жүргізілген зерттеу нəти-
желері тілді оның шынайы қолданыстағы кейпінде тануға, сол тілдің тасымалдаушылары саналатын
халықтың ұлттық дүниетанымын, əлемнің тілдік бейнесін игеруге кино дискурсының айтулы үлес қо-
са алатынын көрсетті.
Description
Citation
Асанбаева Е.Б. Тілдік пəндерді оқытуда кино дискурсын қолданудың артықшылықтары/Е.Б. Асанбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Филология. = Bulletin of the Karaganda University. Philology Series. -2022. №4. 78-84 б.