Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарУ баспасы
Abstract
Мақалада Қазақстан Республикасы өз егемендігін алып, тəуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы
кезеңіндегі Президент билігінің мемлекет өміріндегі шешуші рөл атқарған ерекше тұстарына назар
аударылған. Нақтылай түсетін болсақ, Президенттік биліктің Қазақстан Республикасындағы құқықтық
мемлекет негіздерін нығайтудағы рөлі зерттелген. Бүгінгі біз білетін тəуелсіз, егеменді жəне
құқықтық мемлекет ретінде қалыптасып, дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы қазіргі
жағдайына бірден жете қоймағаны белгілі. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында құқықтық
мемлекет қалыптастырып, оны дамытудағы негізгі сұрақтардың болуы жəне олардың шешілуі
бойынша атқарылатын іс шаралар өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Мемлекетіміздің негізгі
нормативтік құжаты Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы жəне оның кепілі
болған Президент билігінің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудағы, оның негіздерін
нығайтудағы рөлі жайында да заң ғылымы саласындағы ғалымдардың ғылыми көзқарастары зерттеуге
тұрарлық. Автор заңгер ғалымдардың көзқарастары мен сараптауларына, мемлекет өмірінде болып
жатқан саяси-құқықтық өзгерістер мен реформаларға қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасай
отырып, сипаттаған. Мақала Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет орнатудағы, оның
негіздерін қалыптастырудағы бірқатар күрделі мəселелер, яғни мемлекетіміздің қалыптасуы кезеңінде
болған қиын жағдайларға қарамастан халық өкілдері мен билік тарапынан жасалған реформаларға,
көзқарастарға, пікірлерге кеңінен зерттеу жүргізу нəтижесінде авторлық тұрғыда тың мəліметтерге
қол жеткізіліп отыр.
Description
Citation
Ботағарин Р.Б. Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі/Р.Б. Ботағарин//Қарағанды университетінің хабаршысы. Құқық сериясы.= Вестник Карагандинского университета. Серия Право. = Bulletin of the Karaganda University. LAW Series. -2021. №1. 39-46 б.