Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының əйелдері: майдандағы күнделікті өмір тарихы
Loading...
Date
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
ҚарМУ баспасы.
Abstract
Ұлы Отан соғысының тарихнамасында зерттеушілердің басты назарында ірі шайқастардың тарихы,
саяси оқиғалар, соғысушы жақтардың əскери стратегиялары, басып алынған территориялардағы
өнеркəсіп орындарын эвакуациялау мен республикалар экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп
қайта құру, майдандағы жауынгерлердің ерліктері болды. Алайда соғысқа əйелдердің қатысуы мен
майдандағы күнделікті өмір тарихы мəселесі зерттеуден тыс қалды. Қазақстан тəуелсіздік алғаннан
бергі кезеңде əйелдердің ерлермен бірдей соғыстағы ерліктері, кеңес мемлекетінің əйелдерге қатысты жүргізген саясаты, тылдағы əйелдердің күнделікті еңбегі туралы зерттеулер жүргізіле бастады.
Мақала Ұлы Отан соғысы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысынан майданға аттанған əйелдердің
қаһармандық істеріне, соғыста жаралы жауынгерлерді өлімнен арашалап қоймай, қолына қару ұстап
соғысқан дəрігер əйелдерге арналған. Мұрағат құжаттары мен майдангер əйелдердің естеліктері
соғыстың күнделікті өмір тарихының қайғылы беттерін ашып көрсетеді.
Description
Citation
Карсыбаева Ж.А. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Оңтүстік Қазақстан облысының əйелдері: майдандағы күнделікті өмір тарихы/Ж.А. Карсыбаева, А.З. Жуманова, Т.Қ. Сақабай//Қарағанды универисетінің хабаршысы. Тарих.Философия Сериясы.=Вестник Карагандинского университета. Серия История.Философия.=Bulletin of the Karaganda University. History. Philosophy Series.-2020.-№1(97).-Б. 116-121.