Fusarium equiseti түрінің биоэкологиялық ерекшеліктері

Abstract

Көкөністерді зардаптайтын зең түрлерінің əсерінен өнім түсімі мен сақтау мерзімі жылдан жылға азаюда. Ауру тудырушы саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктерін зерттеудің заманауи зерттеу əдістері арқылы түрге ажыратудың практикалық маңызы зор. Мақалада қызыл бұрыш (Capsicum annuum L.) фузариоз ауруын қоздырушы зең түріне морфологиялық жəне молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізілген. Фитопатогеннің таксономиялық орнын анықтауда морфологиялық ерекшеліктері нақты бола бермейді. Осы мақсатта Fusarium equiseti (Corda) Sacc. фитопатогенді микромицеттің молекулалық-генетикалық идентификациясы полимеразалық тізбектік реакция əдісі арқылы жүзеге асты. Полимеразды тізбекті реакция кезінде 18S рРНҚ кодтаушы ген бірізділігін табуда NS1 жəне NS4 консервативтік праймерлері қолданылды. 5.8S РНҚ кодтаушы ген бірізділігін жəне ішкі транскриптеуші спейсерлер жасау үшін ITS1 жəне ITS4 праймерлері қолданылды. 26S рРНҚ генінде D1/D2 домені амплификациясы үшін NL-1 жəне NL-4, Fusarium oxysporum үшін FOF1 жəне FOR1 праймерлері, Fusarium equiseti үшін FEF1 жəне FER1 арнайы праймерлері қолданылды. ДНҚ бөлігін секвенирлеуде алынған нуклеотидтік бірізділіктерді салыстыру арқылы жақын туыстық микроағзалар штаммдарға филогенетикалық талдау жасалды. Секвенирлеу нəтижесінде геннің нуклеотидтік бірізділігіне сүйене зерттелген штамм түрге ажыратылды. Молекулалық зерттеулермен қатар штаммға микроскоптық, макро- жəне микроморфологиялық ерекшелігін анықтау мақсатында талдаулар жүргізілді.

Description

Citation

Fusarium equiseti түрінің биоэкологиялық ерекшеліктері/Н.Н. Салыбекова [ж.б.]//Қарағанды ун-тінің хабаршысы. Биология. Медицина.География сер.=Вестник Караганд.ун-та=Bulletin of the Karaganda university.-2018.-№2(90).-Б.23-28

Endorsement

Review

Supplemented By

Referenced By