Философиялық ойлар тарихындағы адам мәселесі
Loading...
Date
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Abstract
Мақалада Ежелгі, антикалық, батысеуропалық ортағасырлық, Ренессанстық кезең, Жаңа заман, қазіргі
заман философияларындағы адам мәселесі зерттелген. Адам мәселесіне қатысты Ежелгі Шығыс
философиясында қалыптасқан алғашқы философиялық көзқарастар, тұжырымдар көрсетілген (Ежелгі
Үнді, Қытай философиясында). Сонымен қатар ежелгі адамдардың наным-сенімдерінде адам белгілі
бір қарастыру объектісі ретінде сипатталған. Антикалық философияда адамды жеке және ерекше
философиялық проблема ретінде анықтаудың негізгі батыс еуропалық тәсілдері белгіленген
(Протагор, Сократ, Платон, Аристотель). Ортағасырлық философия Қасиетті Жазбаға сүйеніп басты
мәселе ретінде адам өмірінің руханилығы мен мағыналығы қарастырылған (Әулие Августин). Қайта
Өрлеу философиясының, сонымен бірге қоғамдық өмірдің ерекшелігі антропоцентризмде екендігі
белгіленген. Жаңа заман философиясында адамның мәнін рационалды тұрғыдан түсіндірілгені
айтылған (Ж.О. Ламетри, П. Гольбах, Д. Дидро, И. Кант). ХІХ ғасырдағы адам философиясындағы
бірнеше белгілері сипатталды. Сондай-ақ, орыс философиясының адам мәселесін зерттеудегі
ерекшеліктері айтылған (Белинский, Чернышевский, Бердяев, Соловьев). Қазақ философиясындағы
адам мәселесі зерттеліп, Әбу Насыр әл-Фараби мен Абайдың көзқарастары суреттелген. ХХ ғасырда
адамның философиялық және философиялық-социологиялық мәселелерінің дамуы туралы
көрсетілген.
Description
Citation
Уксукбаева, М.Т. Философиялық ойлар тарихындағы адам мәселесі/М.Т. Уксукбаева//Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы.-2022.-№2(106).-б.327-333